Жаңа әліпби және "Жаршы журналы"

Авторы

  • Мария Майлықұтова

Аннотация

Араб жазуы ислам дінімен бірге
еніп, он ғасырдан астам уақыт
бойы ең соңы 1930 жылға дейін
елімізде қолданыс тапты. Ресей
патшалығы қазақ жерін отарлап алған соң, қазақ
елінің рухани мұрасына қол сұға бастады. Қазақ
елін орыстандыру мақсатында, түркі халықтарын
рухани біріктіріп отырған араб жазуының орны-на орыс жазуының əріп таңбасын ендіру мəселесі
алға қойылды. 1929 жылы 24-қаңтарда Қазақстан
Орталық Кеңес Комитеті ІV-cессиясында “Ла-тын əрпі негізінде құрылған жаңа қазақ əліпбиі
Қазақстанда мемлекет əліпбиі деп саналсын” де-ген қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін 1931
жылдың 1-қазанынан əрі қарай барлық меке-мелер, кооперативтер, түрлі кəсіпорындар мен
ұйымдар істерін жаңа əліпбиге көшіруге тиіс деп
табылды. Жаңа əліпбиге көшуге əзірлік жүргізілді.
1930 жылдың қаңтарынан бастап газет, жур-нал, кітаптар тек жаңа əліпбимен басылуы тиіс
болды. Қазақстан оқу комиссариатына 1931-32
жылғы оқу жылдары барлық мектептер тек жаңа
əліпбимен оқытылатын болсын деп нұсқау берді.
Сессия Халық комиссарлар кеңесіне, оқу комис-сариатына, орталық шаруашылық кеңесіне, баспа
орындарына тапсырма берді.

Загрузки

Опубликован

2018-11-14

Выпуск

Раздел

Журналистика. Издательское дело. Связь с общественностью1