Political workers of the 316th rifle division in 1941

Authors

DOI:

10.26577/HJ.2020.v57.i3.01

Keywords:

316th Rifle Division named after I.V. Panfilov, political workers, Central Archive of the Ministry of Defense of Russia, Central State Archive of the Republic of Kazakhstan, searchers.

Abstract

1941 жылғы 316-атқыштар дивизиясының саяси  қызметкерлерінің  тізімдері  дивизияның  тірі қалған ардагерлерінің жарияланған және жарияланбаған естеліктері, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Орталық архиві мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары негізінде, интернеттегі іздеу порталдардағы деректер жинақталды. Мақалада тізімдерді зерделеу нәтижесінде дивизияның саяси қызметкерлерінің ұжымдық келбеттері келтіріліп,  саяси  қызметкерлердің  орташа  жасы  есептеліп,  олардың  тағдырлары,  ең танымал дивизияға және қазіргі кезеңдегі ең қатал дауларды тудыратын бөлімге не үшін айналғандығы туралы автордың сараптамасы келтірілген. 316-атқыштар дивизиясындағы ағарту, саяси, үгіт-насихат жұмыстары 1941 жылғы басқа әскери бөлімдерге қарағанда, шегіну мен жеңіліс кезеңдерінде өзгеше болды. Олар қалай төтеп берді? Неліктен шегініп, жеңіске жетті? Осы қиын сұрақтардың барлығы тек әскери мектептерде ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында ізденіс тақырыбы болуы керек. Мақсаты: Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Орталық архивінің және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының 1941 жылы И.В. Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясы бойынша жақында ашылған материалдарын зерттеу.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін  мәдениет,  тарих,  дәстүрлер,  білім беру, оқыту, қиын жағдайларда  өмір  сүру  қабілетін  арттыру  жолдарын  табу.  Тарих,  жеңіс философиясы, дағдарыс кезеңіндегі психологияны білу саясаттанушылар, журналистер, сарапшылар, психологтар, әскери адамдар, оқытушылар мен тәрбиешілер, студенттер, магис- транттар мен докторанттар үшін өте қажет.

Зерттеу нәтижелерін кең көлемде насихаттап, педагогикалық, тәрбие мен білім беру үдерістеріне пайдалануға болады. Қазақстанның тәжірибесі ТМД елдердің және республиканың өзінде жаңа тарихтың тәжірибесі ретінде қолдану мүмкін. Материалдарды ХХ ғасыр тарихы, журналистика, психология және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша оқулықтарға енгізуге болады.

Downloads

Published

2020-10-27

Issue

Section

Journalism: Society. Language. History. Policy. Law. Economy.

How to Cite

Political workers of the 316th rifle division in 1941. (2020). Herald of Journalism, 57(3), 4-18. https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v57.i3.01