Қожа Ахмет Ясауидың «Диуани хикметі» мен ақын-жыраулар поэзиясындағы нәпсі туралы тұжырымдар
Keywords:
нәпсі, әдеби жәдігер, шайыр, кемел адам, толғау, имандылық, рухани таным.Abstract
Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауидың «Диуани хикметі» мен ХІХғ.– ХХ ғ. басындағы ақын-жыраулар поэзиясындағы ой-арман бірлігі, ру-хани таным үндестігі баяндалған. Қазақ даласының әр аймағындағы дәстүрлі жыр мектептерінің өкілдері орта ғасырлық әдеби жәдігер-лерден бастау алатын берік дәстүрге сызат түсірмей, Ж.Баласағұн, А.Ясауи, А.Иүгінеки еңбектерінде баяндалатын «кемел адам» идея-сын жалғастырды. Мақалада адамның рухани кемелденуіне тос-қауыл болатын нәпсінің зияны туралы ой-толғамдар Шаһкәрім Құ-дайбердіұлының, Т.Ізтілеуовтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Жүсіпбек Шайхысыламұлының, Қарасақал Ерімбеттің өлең-толғаулары арқылы талданады.

