Заманауи нанотехнологиялар: полиграфия саласындағы жетістіктер
Keywords:
полиграфиялық технологиялар, техникалар, нано технологиялар, санды технологиялар, басу жабдықтары, заманауи талаптар, EA-тонері, M-Ink сиясы, 3D технологиясы.Abstract
Заманауи технологиялар, ғылым мен техниканың үздіксіз да муы полиграфия саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Санды тех нологиялардың тек қана полиграфия саласында ғана емес жалпы күнделікті өмірде алатын орны ерекше екендігі айқын. Санды тех нологиялар – жылдамдықты, жоғары сапаны, заманауи талаптарды қамтамасыз етеді. Полиграфияда қолданылатын тағы бір заманауи технологияның ерекшелігіне – түрлі-түсті өнімді басып шығаруда на нобөлшектермен толықтырылған бір ғана арнайы сияның қолданы луы жатады (дәстүрлі полиграфияда толық түсті өнімді басып шы ғару үшін төрт түс қолданылады). Бұл жаңадан шыққан M-Ink деп аталатын сия – қажетті түсті пигменттердің есебінен емес, өзінің фи зикалық құрылымын өзгерту арқылы қалыптасады. Заманауи дамып келе жатқан технологиялардың тағы бір маңызды түріне 3D техноло гиясының қолданылуы жатады.
