Қазақ баспасөзіндегі мемлекеттік саясат және ұлттық идея
DOI:
10.26577/HJ.2020.v55.i1.10Кілт сөздер:
БАҚ, ұлттық идея, саясат, билік, қоғамдық пікір, баспасөз.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты. БАҚ-тың билік сaлaсындa турa мaғынacындaғы opны бoлмaғaнымeн, oның caяcaт пeн идeoлoгиядaғы рөлі aсa жoғaры. Oның қызмeті бoлғaн жәнe бoлып жaтқaн, aлдaғы уaқыттaрдa бoлaтын түрлі жaғдaйлaрғa, тәжірибелі негіздерге карай отырып, қоғамдағы өзгерістерге алуан көзқарас қалыптастыруға жол ашады. Cоның ішінде баспасөз мемлекет саясатының функцияларын ашып айтуда, редакция қызметінің шығармашылық-техникалық күшін идеология арнасына бұруда аса қауқарлы. Қазір әлемде БАҚ-тың адамгершілік құндылыққа емес, сауда мен өндіріске негізделу үрдісі жүріп жатыр. Бұл торапта зерттеу мақаласы өте маңызды тақырыпқа құрылған. Нарық кеңістігінде ұлттық идея баспасөз беттерінде жалпыхалықтық сипатқа ие бола алады. Сондықтан, БАҚ контенттері мен мақала-толғамдарды компоративті зерттеу әдісімен қарастырып, мақалада ұлттық және жергілікті баспасөздің елімізге, мемлекет мүддесіне қызметі зерделенеді.
Негізгі нәтижелері. Зерттеу мақаласында баспасөз бетіндегі ұлттық идея тақырыбының негізгі қазығы болған «Қазақ» газеті мен тәуелсіздік алған кездерден бастап жарық көрген басылымдар мен көркем еңбектерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы тақырыптар ғылыми негіз ретінде назарға алынған. Мақаладағы зерттеулер қазақ публицистикасының қай заманда болмасын дәуір үні болып, өзінің негізгі қызметінен жаңылмай келе жатқандығын көрсетеді.
Зерттеудің өзектігі. Газет-журналдардағы тіл мен діл, ұлттық рух, салт-дәстүр, ұлттық сана мен мемлекеттік саясат тіркестері жаңа заман көзқарасында бағаланып, ұлттық журналистика тарихындағы елеулі тақырыбы ретінде айқындалуы тиіс. Сол себептен мемлекеттік саясатты жасаушы тұлғалар мен олардың басылым беттеріндегі көзқарастары, өзіндік шешімі мен ұсыныстары, егемен шақтағы өзектілігі өміршең қазақы ұлт сипатының тұжырымы мақалада жиынтық қорытындыланып, қазақ баспасөзіндегі мемлекеттік саясат мен ұлттық идея мәтіндерінің хроникасы жасалды. Автор төл публицистикамызда кесек пікірімен, ақылға қонымды пікірімен бұқараға үндеу тастап жүрген азаматтарды жас ұрпаққа үлгі ретінде танытып, туындыларының лайықты бағасын саралауды орынды санап, табысты талдаған. Баспасөз бетіндегі тартысты, тағлымды мақалаларды, есеп пен сараптамаларды ақпараттық категориялардың өлшеміне салып, теориялық еңбектер арқылы дәлелдеген.

