Журналистік мамандықты меңгерудің негізі –тәжірибеде
Кілт сөздер:
тәжірибе, шетел журналистикасы, шыңдалу, жур- налистік этика.Аңдатпа
Журналистік мамандықты меңгеруде тәжірибені молайту жағы басым болу керек екенін өмір көрсетіп отыр. Оқу газеті, оқу телеар- насы, оқу радиостудияларының факультет көлемінде ғана емес, сол жоғары оқу орны көлемінде жұмыс істеп, кәсіби БАҚ өнімдері сияқ- ты күнделікті өнім беріп тұрғанда ғана журналист шыңдалады, кәсіби дағдыланады, соны ары қарай жетілдіру журналистикасы бұрыннан дамыған мемлекеттер баспасөзінен, радиотелевизияларынан үйрену арқылы шыңдалады.

