Журналистика саласындағы халықаралық стандарттар: өз ойын білдіру еркіндігі теориясы және ақпаратқа қолжетімділік

Авторлар

  • Ахметова Л.С. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Лифанова T.Ю.
  • Веревкин A.В

Кілт сөздер:

бұқаралық ақпарат құралдары, құқықтық реттеу, ақпаратқа қолжетімділік, ақпараттық қауіпсіздік.

Аңдатпа

Құқықтық азаматтық қоғам құру ірі әлеуметтік-экономикалық реформалар жолына түсіп, жаңғыруды мақсат қылып қойған қазір-    гі мемлекеттер үшін көпшілік мойындаған қажетті шарттардың бірі- не айналып болып отыр. Бұл идея қазіргі кезде көптеген елдер мен халықтардың заңдары мен қоғамдық санасынан берік орын алды. Қандай да бір елдің адам құқығының сақталуына қатысты жағдайы қоғамның өркениеттілік деңгейін анықтаудың жоғарғы өлшеміне ай- налды. Пікір мен сенім еркіндігі, бұқаралық ақпараттың еркіндігі за- манауи қоғам мен демократиялық мемлекеттің дамуының негізін құ- райды. Философиялық теорияларға сүйене отырып сөз бостандығын өз ойын білдіру еркіндігінің жеке түрі ретінде қарастыруға болады. Халықаралық құжаттар деңгейінде Виндхук декларациясында (1991) және тәуелсіз, плюралистік ақпарат құралдарын дамыту мақсатында аймақтық семинарларда (Алматы, Сантьяго, Сана және София) қа- былданған декларацияларда баяндалған принциптерге негізделетін сөз бостандығы, тәуелсіздік пен плюрализм орныққан медиаортаның көптеген маңызды сипаттамалары анықталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-20

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА