Қазақстандағы таблоидтық журналистиканың бағыттары
DOI:
10.26577/HJ.2021.v59.i1.02Аңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы таблоидтық журналистиканың эволюциясы мен әлеуметтік рөлін зерттеу болып табылады. Медиалық таблоидтау процесі дәстүрлі идеал- дарды жоюды қамтиды, сонымен қатар бұрын «тыйым» деп саналған әлеуметтік тақырыптарды көтереді. Заманауи медиа-технологиялары бар елде таблоидтық журналистиканың қалыптасуы мен даму тарихы – тұтастай алғанда Орталық Азия аймағы, оның ішінде Қазақстан үшін өте сирек кездесетін тақырып. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жаңашылдығымен және осы тақырыптағы зерттеулердің сиректігіне байланысты. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарындағы таблоидтық журналистиканың қазіргі жағдайын айқындау үшін бірқатар танымал қазақстандық журналистермен, редакторлармен және блоггерлермен сұхбат өткізілді. Сауалнамаға 100 адам қатысты. Сауалнама нәтижелері қолмен талданды.
Зерттеудің практикалық құндылығы – медиа саланың негізгі проблемаларын анықтау. Алын- ған мәліметтерге сәйкес, таблоидтардың баяу дамуының себебі – жергілікті журналистерге сая- саткерлердің, танымал адамдар мен қоғам қайраткерлерінің жеке өмірі (соның ішінде меншік) туралы ашық жазуға мүмкіндік бермейтін менталитеттің болуы. Белгілері бойынша таблоидқа жатқызылатын көптеген қазақстандық БАҚ имиджінің түсіп кетуінен қауіптеніп, өздерін бұл санатқа жатқызбайды. Бүгінде таблоидтық журналистикаға демократия дамуына ықпал ету мүмкіндігін қоса, қоғамдық салада үлкен перспективалар пайда болғаны анық. Таблоидтық жур- налистиканың ерекшелігі немесе қазақстандық тренді – оған саяси факторлар емес, экономикалық және психологиялық факторлар көбірек ықпал етеді.
Түйін сөздер: Қазақстан, таблоид, журналистика, демократия.

