Шетелдік және қазақстандық медиа жасанды интелектіні журналистикада қолдануы

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v60.i2.10

Аңдатпа

Заманауи технологиялардың бірі – жасанды интеллект, оның әсері өмірдің барлық салаларына, соның ішінде медиаиндустрияға және әлеуметтік желілерге таралады. Зерттеудің міндеттері: журналистикада жасанды интеллектті қолдану ерекшеліктерін сипаттау, жасанды интеллектке қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы оң және теріс бағалардың санын салыстыру. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы әр түрлі медиа-контентті құру кезінде жасанды интеллектті пайдалану көлемін анықтау болып табылады. Алынған ақпараттар журналистикадағы жасанды интеллектті одан әрі зерттеуде қолданылуы мүмкін. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған мәліметтерді оқу процесінде және байланысты тақырыптарды зерттеуде қолдану мүмкіндігінде болып келеді. Алынған нәтижеге сәйкес бүгінгі таңда жасанды интеллектті журналистикада қолдану тек жүктеме мен материалды объективті бағалауды қамтымайтын жаңалықтар мақалаларында ғана мүмкін болады. Дегенмен, біз ақпараттар жинауда жасанды интеллекттің қол жетімділігін ерекше атап өте отырып, оның соңғы онжылдықта технологиялары қаржы және спорт тақырыптарында мақалалар жеткізуге қабілетті дүниежүзі редакцияларында жасанды интеллектуалды журналистика кеңінен қолданылады деген тұжырым жасаймыз. Яғни, автоматтандыру арқылы журналистерді грамматикалық қателерді тексеру және белгілі бір тілдік ережелерді сақтау сияқты әрекеттерден босатуға, толық және шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасалады. Осылайша мақалалардың санын көбейтуге және ақпаратты барынша толыққанды жеткізуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: жаңа технологиялар, жасанды интеллект, автоматтандыру, журналистика,

әлеуметтік желілер.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі