Саяси саладағы ақпараттық және коммуникациялық үрдістерді зерттеу мәселелері
DOI:
10.26577/HJ.202159.i1.07Аңдатпа
Ақпараттың жеке адам мен мемлекет, жекелеген әлеуметтік топ пен қоғам өміріндегі алатын орны өте маңызды. Ақпарат – адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге бағытталған коммуникациялық үрдістің нәтижесі. Сондай-ақ ақпарат билік және мақсатты топ арасындағы коммуникациялық үрдісті жүргізудің құралы. Басқаша айтқанда, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттағы әртүрлі қоғам категорияларымен коммуникациялық байланысы ақпарат арқылы жүзеге асады.
Зерттеу мақсаты – мемлекеттің саяси жүйесіндегі ақпараттық және коммуникациялық үрдістерді зерттеудегі негізгі мәселелерге тоқталу, оларды жіктеу; “ақпарат” пен “коммуникация” ұғымдары зерттелуінің теориялық-әдістемелік негіздерін талдау; саяси саладағы ақпараттық және коммуникациялық процестердің зерттелудегі мемлекеттік ерекшеліктерді айқындау. Сонымен қатар авторлар саяси ойыншылар арасында қалыптасатын саяси коммуникацияның пайда болуы мен дамуындағы негізгі кезеңдерге ашып көрсетуді мақсат еткен.
Зерттеу нысаны – ақпарат және ол арқылы қалыптасатын қарым-қатынас, яғни коммуникация. Жұмыста қолданбалы әлеуметтік зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің методологиялық негіздеріне сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, сауалнама, отандық, батыстық және
ресейлік зерттеушілердің еңбектеріне сараптамалық талдау, жіктеулер жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің мемлекеттік саяси жүйедегі ақпараттық және коммуникациялық процестерін жүзеге асырудағы практикалық маңызы зор. Еңбек нәтижесін саясаттану мен журналистика, саяси коммуникация бұқаралық ақпарат құралдары туралы әдістемелерде қолдануға болады.
Түйін сөздер: ақпарат, коммуникация, саясат, қоғам, басқару.

