Пандемияға байланысты қазақстандықтардың экологиялық санасының корреляциясы

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v61.i3.04

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбы пандемияға байланысты қазақстандықтардың экологиялық санасындағы өзгерістерді зерттеуге арналған. Зерттеу мәтіні пандемия жағдайында әлеуметтік желілерді жаппай қолдану ақпаратты қабылдау сипатына және қолданушылардың оқиғаларға одан әрі реакциясына қалай әсер етеді деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

Зерттеудің мақсаты әлеуметтік желілердің құрал рөлінен алшақтап бара жатқанын көрсету. Және олардын концептуализациясы қазірдің өзінде техно-мәдени қатынастарда қоғамдық пікірдің агрегаторы ретінде көрсетілген. Сондай-ақ бұл мақалада пандемия кезінде қазақстандықтардың экологиялық санасының өзгеру тенденциясы қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тақырыптың өзінде көрсетілген. Зерттеу барысында негізгі тенденциялар мен тақырыптарды қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің маңызы мен рөлі анықталды. Бұл экологиялық идеяларды таратудың негізгі платформасы - Instagram әлеуметтік желісін зерттеу арқылы жүзеге асты. Мақалада сұхбаттасу, зерттеу әдістері, сондай-ақ бақылау және салыстыру сияқты эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды (әлеуметтік желілерде). Зерттеулерде инстаграмның хэштегтер (#airpollution, #plasticpollution #кобейтуз) сияқты қасиеттері мен артықшылықтары, ең көп талқыланған және басқа қолданушыларға жіберілген танымал жаңалықтар көмектесті. Зерттеу шеңберінде қайта өңдеу бизнесінің иелерімен сұхбаттар өткізілді, олардың практикалық тәжірибесі және өз компанияларының қызметтерін пайдаланушылардың мінез-құлқындағы негізгі өзгерістер туралы кәсіпкерлік көзқарастары қаралды. Сондай-ақ пандемия кезінде азаматтардың мінез-құлқындағы өзгерістерге байланыста талдау жасалды.

Мақалада пандемия кезінде әлеуметтік желілердегі белсенділік айтарлықтай өсті, бұл Қазақстандағы экологиялық тақырыптарды қарқынды талқылауға алып келді деген гипотеза талқыланады.

Бұл жұмыс маңызды зерттеу компонентіне ие және оны қоғамдық пікірді зерттеу саласындағы сарапшылар бағалау мүмкін, сонымен қатар студенттер мен жаңадан келген мамандар үшін оқу базасы бола алады.

Түйін сөздер: экология, жастар, әлеуметтік желілер, экологиялық сана, пандемия.

Автор өмірбаяны

  • S. Talgat, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Жарияланды

2021-09-28

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА