Қорғаныс маскаларын алға жылжытудың ақпараттық сегменттері: дизайн, маркетинг, PR

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2021.v61.i3.06

Аңдатпа

2020 жылдың басынан бастап COVID-19 қауіпті ауруы алдында жеке қорғаныс мәселесі өзекті болып отыр. ДДҰ халыққа ұсынған қарапайым сақтық шараларының бірі-маска кию. Қорғаныс маскаларына сұраныстың күрт артуы қатаң тапшылыққа және олардың бағасының өсуіне әкелді. Бұл зерттеудің мақсаты-2013 жылдан бастап FFP1, FFP2 және FFP3 қорғау сыныбы бар импортталған және сұранысқа ие тауарлардың тізіліміне сәйкес келетін фильтрлік маскаларды шығаратын ECOS компаниясының үлгісінде қазақстандық қорғаныс маскалары нарығын талдау. Сондай-ақ, олардың дизайнын және компанияның бұқаралық ақпарат құралдарында болуын қарастыру, өйткені кез-келген компанияның жетістігі брендтің қоғамда қаншалықты танымал болуына байланысты. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты – дизайн, PR, маркетинг. Кез-келген өнім дизайн тұжырымдамасына негізделген, ол жаңа өнімді шығару кезінде PR сияқты маңызды және қажет. PR маркетингтік коммуникацияның тиімді құралы ретінде ақпараттық шу өсіп, бәсекелестік күшейіп, бұқаралық ақпарат құралдарының бөлінуі өскен сайын күшейе түсуде. БАҚ компания мен түпкілікті тұтынушы арасында делдал ретінде әрекет етеді және түпкілікті тұтынушыға жанама әсер етеді. Зерттеу әдістемесі бастапқы ақпаратты жинау және оларды өңдеу әдістеріне негізделген. Бұл жұмыстың құндылығы – студенттер дизайнды сапаның негізгі критерийлері бойынша талдауға және өнімді оның негізгі аспектілері бойынша бағалауға үйренеді. Осы бағыттағы қосымша зерттеулер дизайнерлерге, PR-ға және басқаларға жаңа өнімді дамыту тұжырымдамасы мен стратегиясын жасауға көп көмектеседі.

Түйін сөздер: дизайн, PR, БАҚ, маска, респиратор, дизайн сапасының өлшемдері.

Жарияланды

2021-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі