Медиамәтін жаңа ақпараттық кеңістіктің санаты ретінде
DOI:
10.26577/HJ.2021.v62.i4.03Аңдатпа
Қазіргі ақпараттық кеңістік онда ұсынылған материалдардың шексіз дерлік алуандығымен сипатталады. Ақпараттық технологиялардың дамуы бұқаралық коммуникация саласында ақпаратты ұсынудың жаңа әдістері мен форматтарының пайда болуына әкелді.
Бұл мақаланың мақсаты - жаңа ақпараттық кеңістіктің санаты ретінде медиамәтінге жан-жақты талдау жасау; оның негізгі құрылымдық элементтерін, категориялық сипаттамалары мен параметрлерін қарастыру. Зерттеудің әдіснамалық негізі аналитикалық-синтетикалық әдіс. Қосымша ретінде: салыстырмалы және индуктивті-дедуктивті әдістер, ғылыми әдебиеттерді, публицистикалық және ғылыми мақалаларды синтездеу, жалпылау, түсіндіру, талдау, сондай-ақ мазмұнды талдау және мета-талдау элементтері пайдаланылды. Жүргізілген зерттеу медиамәтін категориясы бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс өнімдерінің алуан түрлерін біріктіруге мүмкіндігі бар деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Медиамәтіндердің әртүрлі түрлерінің негізгі сипаттамаларын талдау жаңа ақпараттық кеңістіктегі медиамәтін категориясына дәстүрлі (ескі) медиамәтіндері ғана емес, сонымен қатар, жаңа медиамәтіндері, соның ішінде интернет мәтіндері мен ұялы телефония мәтіндері де кіретіндігін көрсетілген. Зерттеудің құндылығы оның нәтижелері медиамәтінді әртүрлі медиа құрылымдарға қосуға мүмкіндік беретіндігінде және, тиісінше, оны бұқаралық-коммуникациялық қызметтің ажырамас әмбебап бөлігі, конвергентті санат ретінде қарастыруға және бұл мәтінді әртүрлі медиа жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ, нәтижесінде жаңа ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның материалдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында журналистика және бұқаралық коммуникация бойынша арнайы кәсіби пәндерді оқыту процесінде, сондай-ақ журналистердің практикалық қызметінде, ең алдымен интернет-журналистика, ұялы телефония, пікірлер журналистикасы мен азаматтық журналистика саласында пайдалануға болатындығында.
Кілт сөздер: медиамәтін, ғаламтор-мәтіні, мобильді медиамәтін, медиамәтіннің параметрлері, ақпараттық кеңістік, бұқаралық коммуникация.

