Әлемдік медиакеңістікте Үнді медиаиндустриясының даму динамикасы: 2020-2021 жылдар аралығындағы қорытындылары

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v63.i1.02

Аңдатпа

Ғылыми жұмыстың мақсаты – әлемдік медиакеңістіктегі Үнді медиаиндустриясының даму тенденцияларын анықтау. Мақалада 2020-2021 жылдардағы Үнді медиа және ойын-сауық индустриясы (IIMR) дамуының негізгі статистикалық көрсеткіштері аналитикалық салыстыру әдісімен қарастырылған; азиялық және әлемдік медиакеңістіктегі Үнді медиаиндустриясының даму динамикасы анықталды; Үндістан үкіметінің ұлттық коммуникация жүйесін дамыту саласындағы бастамалары көрсетілген.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – Үндістанның медиажүйесін алдағы жылдарға дамытудың негізгі бағыттары анықталды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның журналистика факультетінің студенттері үшін білім беру бағдарламасы аясында да, елдің медиаиндустриясын зерттеу саласында одан әрі жұмыс жасау кезінде де қолдану мүмкіндігі кеңейеді.

Бұл жұмыста жүйелеу және жан-жақты зерттеу тәсілдері, дискурсты түсіндіру және талдау әдісі, диахрондық әдіс, сараптау, жалпылау және синтез әдістері логикалық және жеке бірліктердің бірлігі негізінде қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдауда эмпирикалық зерттеудің саяси-дискурстық және мазмұнды талдау сияқты әдістері қолданылады.

Аталмыш зерттеу Үндістанның медианарығы қарқынды даму сатысына өрлегенін  анықтауға көмектесті. Ел аумағында медиаөнімдерін өндіруді қолдайтын көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Үндістан Азия өңірінде осы салада негізгі позицияларды алып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік нарыққа өз бетінше де, бірлескен медиаконгломераттар құра отырып, сенімді түрде ілгерілеп келеді деп қорытынды жасауға болады.

Зерттеу нәтижелері бойынша Үндістанның медиаиндустриясы Азия нарығында маңызды орын алады. Осылайша, бұл жұмыстың құндылығы оның осы саланың дамуын одан әрі зерттеу үшін негіз бола алатындығында. Бұл мәселені практикалық маңыздылығы тұрғысынан қарастыра отырып, ғылыми жұмыс барысында үнді конгломераттарының халықаралық аренадағы позициясын нығайту шарты мен негізгі компаниялар – әлемдік медиасаланың қазіргі көшбасшыларының әлеуетті бәсекелестері анықталды деп қорытынды жасауға болады.

 Түйінді сөздер: Үндістан, ұлттық медианарық, әртараптандыру, пайда, үкіметтің бастамалары, жарнама, медиа-ынтымақтастық.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА