Ұлттық басылымдардағы шығармашылық ізденістер орамы мен жаңа медиадағы функционалды құбылыстардың қисыны

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v63.i1.03

Аңдатпа

Мақалада заманауи инфосферадағы тенденциялар мен трендтер топтастырылып, олардың ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, ұлттық баспасөзіміздің («Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті») индустриалды-инновациялық дәуірдегі редакциялық саясаты, ақпараттық шешімдері мен қоғамдық құбылыстарға, болған оқиғалар мен уақыт ажарына ұлттық дүниетаным тұрғысынан мән-маңыз танытуы сипатталады. Бүгінгі мәдениетаралық ықпалдастықтың артуы мен тұтас ғаламның кез келген нүктесінен сапалы ақпарат таратуға ұмтылған журнализм ошақтарының тұтас әлемдік ақпарат кеңістігін құруға әсері – ірі хабар-ошарлық тасқында жаңаша ұлттық ақпараттану ғылымын тың арналарға бұруымызды міндеттейді. Осы мақсатқа орай, зертеу мақаласында сапалы аудиторияның рухани қажеттіліктерін өтеуге қызмет етіп отырған «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің жаңа медиа қайнарларын игеру ерекшеліктеріне назар аударылып, азаттық кезеңінде өсіп-жетілген журналистердің шығармашылық ізденістері мен рухани-ағартушылық, рекреативтік функцияларды тізгіндеудегі мультимәдени қабілеттері талданды. Ғылым атырабындағы бұл қадамымыз – жаһандық толеранттылық пен ұлттық темпераменттің пропорциясын дәйектеуге және жаңа медиа дәуіріндегі Отандық модельдерді айқындауға көмек берері сөзсіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы шығармашылық-техникалық құбылыстарды, журналистік бастамалар мен аудиторияның таным-түсінігін топтау және салыстырмалық әдістеме арқылы жіктеу арқылы соны ұсыныстар мен жаңа бағыттарды нақты анықтауға мүмкіндік алдық. Зерттеу нәтижесінде анықталған бірқатар ютубхостинг арналарындағы «Поэзия бұрышы», «Өрнек», «Стадион», «Домбыра үйрену сабақтары», «Shorts» жаңа cторителлинг жанрындағы жаңалықтар», «Фотошежіре», «Қобыз сарыны», «Таным» айдарлары мен «Күй тыңдайық», «Балаларға базарлық» секілді медиа шебімізді кеңейткен жобалар ғылыми бағаға мұқтаж. Әлбетте, мақаланың ғылыми идеясы ретінде аталмыш басылымдарымыздың функционалдық сипатын жаңа медиа трансформациясындағы амал-әрекеттерімен бірлікте талдау қажет. Өйткені, жаңа медиа алаңындағы ағартушылық және тәлім-тәрбиелік функциялардың қоғамдық қызметі қашан да өзекті әрі жұтамайтын маңызды мәселе.

Түйін сөздер: коммуникация, визуализация, интерфейс, навигация, жасанды интеллект, баспасөз, ұлттық құндылықтар.

Жарияланды

2022-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА