Бұқаралық ақпарат құралдарында сезім және эмоциялар лексикасын қолданудың рөлі
DOI:
10.26577/HJ.2022.v63.i1.05Аңдатпа
Бұл мақалада эмоционалды лексика құбылысы қарастырылады, оның тұлғаның тілдік аспектісіндегі көрінісі сипатталады және осы процесте көрінетін ерекшеліктер талданады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндерінде кездесетін эмоционалды аспектілердің түрлері қарастырылады.
Зерттеу мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі эмоциялық лексиканың лингвомәдени сипаттамаларын салыстырмалы зерттеу.
Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: БАҚ-тың ағылшын және қазақ мәтіндеріндегі сезімдерді білдіретін сөздердің көлемі мен құрамын анықтау; БАҚ-тың ағылшын және қазақ мәтіндеріндегі сезімдерді білдіретін сөздердің лексикалық-семантикалық ерекшеліктерін айқындау; БАҚ-тың ағылшын және қазақ мәтіндеріндегі сезімдерді білдіретін сөздердің ұлттық-мәдени функциясын анықтау және олардың мәдени-ұлттық коннотациясын көрсету; Ұлттық аккредитация мәселелерін жүйелеу.
Тілдің функциялары оның семантикалық функцияларымен бірге қарастырылады, тілдің осы мақсаттар үшін ортақ құрал ретіндегі мағынасы жан-жақты ашылады. Адамның дүниетанымы анықталады, сезімдердің әртүрлі эмоционалды күйлері, өнер әлемі және ұлттық бірегейлік тілі ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлем туралы жаңа білімді ұсыну мүмкіндіктерін кеңейтеді. Зерттеудің маңызды нәтижесі - сезім мен эмоцияны білдіру ерекшеліктерін зерттеу процесі. Пайдаланылатын зерттеу әдістері: мәтінді іздеу, үздіксіз іріктеу, лингвистикалық талдау. Зерттеудің құндылығы лингвистиканың жаңа және болашағы зор бағыты болып табылатын ағылшын және қазақ лексикасындағы салыстырмалы талдаудың маңыздылығы мен ғылыми құндылығында жатыр. Бұл құбылысты зерттеу жазушыларға, ақындарға, лингвистерге, журналистер мен басқа да шығармашылық қызметкерлер үшін сезім лексикасын дамытудың алғышарттары болып табылады.
Кілт сөздер: сезім, құбылыс, тіл аспектісі, бұқаралық мәтін, тіл жанрлары, сезімдер сипаты, эмоция.

