Қазақстандағы мигранттар мен қандастардың бейімділуіне позитивті коммуникация технологиясының маңызы: мәдениетаралық интеграция аспектілері
DOI:
10.26577/HJ.2022.v65.i3.06Аңдатпа
Қандастардың бейімделу аспектілерін зерттеу маңызды мәдениетаралық интеграцияны білдіреді, оның негізінде «жаңа отанның» әлеуметтік-саяси процестеріне қатысу немесе жаңа әлеуметтік орта мен мәдениеттің «сіңу» процесі неғұрлым қолайлы және ыңғайлы болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты бойынша мақалада келтірілген нәтижелер бойынша тиімді коммуникациялық жаңа ресурстарға сипаттама беріледі, сондай-ақ ақпараттық технологиялар арқылы сапалы мотивация алу үшін ақпарат алмасудың әлеуметтік-мәдени процестеріне қандастарды тарту үшін бірлескен ақпараттық алмасулар тиімділігі сипатталады.
Авторлар «трансформациялық медиа технологиялар» ғылыми идеясына әлемінің жеке үлгісіне емес, коммуникацияның интеграциялық түрлеріне назар аудара отырып, оң тәжірибелерді құруға қабілетті екенін дәлелдейді, сондай-ақ бұндай тәсілдер арқылы БАҚ жағымды хабарламаларды, жобаланған тәжірибеге эмоционалды және когнитивті қатысуды тудыруға арналған ынталандырулар болып табылатын тәжірибелік мүмкіндіктер жиынтығын тарата алады.
Сондай-ақ авторлар жағымды коммуникацияның қабылдаушы қоғамда да сұранысқа ие екенін түсінеді, олар қандастар тақырыбына біржақты пікір қалыптастырмаған, сондықтан «жаңа азамат» құндылығы туралы «әртүрлі» және полярлы идеяны ұсынады. Эмоционалды және эпистемологиялық мүмкіндіктер негізінде БАҚ-тағы қандастар туралы ақпараттарды беру алгоритмін әзірлеуде ақпаратты ұсынуда позитивті коммуникацияның маңызы зор.
Зерттеу нәтижелерінде тұрақсыздандыратын эмоционалдық факторлардың пайызы анықталып, аудиторияның «қандас» тақырыбына көзқарасы мен оларға деген стереотиптер мен «бөтен» адам ретіндегі пікірлердің арақатынасы анықталды. Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі байланыстардың үйлесімділігін жақсартуға арналған нақты стратегияларды және медиа құралдарды ұсына отырып, ұжымдық тәжірибенің нәтижелерін сипаттайды.
Түйін сөздер: қандас, позитивті коммуникация, кросс-мәдениетаралық процестер, БАҚ, иммигранттар, әлеуметтік-психологиялық бейімделу.

