Әлеуметтік желілердің қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v65.i3.07

Аңдатпа

Бүгінде Facebook, Instagram сынды әлеуметтік желілер тек онлайн түрде ақпарат алмасатын алаң ғана емес, әлемде болып жатқан кез келген оқиғаға пікір білдіретін, талқылайтын, сол тақырыпты ортаға салатын платформаға айналып үлгерді.

Аталған зерттеудің мақсаты елдегі саяси оқиғалар кезіндегі әлеуметтік желілердің плюрализм қалыптастырудағы рөлін, сондай-ақ қазіргі уақытта қаншалықты қуатты құрал екенін анықтау болды. Мақсатқа жету жолында Facebook пен Instagram желілеріне және дәстүрлі медиаға контент талдау жасау міндеті қойылды. Зерттеу нәтижесінде халықтың әлі де пікірін еркін жеткізуге жүрексінетіні анықталды. Өйткені ресми топ өкілдерінің постына жазылған пікірлердің барлығы фейк аккаунттан жіберіледі. Сондай-ақ пікірлердің басым бөлігі тек ақпараттық мазмұнда беріледі. Ал тәуелсіз авторлар өз парақшаларында болған жайтты кеңінен талқылап, саралауға бейім. Алайда, өкінішке қарай, мұнда тек автордың жеке ұстанымы ғана беріледі. Нәтижесінде халық та біржақты ақпарат алумен шектеледі. Сондықтан ресми топ өкілдері ақпаратты мейілінше жан-жақты беруге дағдылану керек.

Бұл мақалада елімізде осы жылдың қаңтар айында орын алған оқиғаға байланысты Facebook пен Instagram-ның қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі мен азаматтардың ақпараттық сауаттылығына баға беріледі. Ақпараттық сауат тек өз пікірін еркін білдіру ғана емес, сондай-ақ сыртқы әлемнен қабылдап жатқан ақпараттарды дұрыс сұрыптау, әлеуметтік желіде өзі оқитын постарды критикалық-сыни тұрғыда ойлау арқылы қабылдау, ақпараттық контентті сауатты тұтыну. Ақпараттық сауат болмағанда, адам өзінің жеке дара пікірін қалыптастыра алмай, көптің жетегінде кетеді. Бұл fake news-тың таралуына, мемлекет ішіндегі қайшылыққа және дүрбелеңге әкеп соғады.

Мақалада статистикалық деректер келтіріліп, салыстыру әдістері қолданылды. Сондай-ақ шетелдік сарапшылардың пікірлері  келтірілді.

Қоғам ресми дерекке ғана сенім артып, әлеуметтік желілердегі кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарай білсе, ақпаратты тұтыну деңгейі де артар еді. Бұл тұрғыда ресми БАҚ-қа әрдайым дүрбелең тудыратын тақырыптар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден бірінші жариялап, дер кезінде түсініктеме беріп отыру қажет. 

Түйін сөздер: ақпараттық сауат, қоғамдық пікір, fakenews, әлеуметтік желілер, ресми БАҚ, саяси қақтығыс.

Жарияланды

2022-09-30