Орталық Азия өңірі елдерінің медиа кеңістігіндегі Түркі Әлемінің ақпараттық өзекті мәселелері
DOI:
10.26577/HJ.2022.v66.i4.03Аңдатпа
Мақала «Түркі әлемі» тақырыптық сегменті бойынша Орталық Азия өңірінің медиа кеңістігінің базалық параметрлерін және ақпараттық күн тәртібін зерттеуге арналған. Зерттеу қажеттілігі түркі тілдес елдер арасында медиа кеңістікте қозғалатын интеграциялық процестердің ұлғаюына, ал мақсатты аудиториялармен коммуникациялар құру үшін мынадай факторларды түсіну қажет: 1) контентті орналастыру жоспарланып отырған ақпараттық алаң учаскесінде не болып жатқанын бағамдау; 2) қандай мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу қажет; 3) мақсатты аудитория дегеніміз не, олар қайда және оларды не қызықтырады 4) қандай да бір жағдайда қалай әрекет етуге болады.
Зерттеудің мақсаты - Орталық Азия елдерінің медиа кеңістігінде түркітану және түркі әлемі мәселелерінің көрінісін сипаттайтын БАҚ үшін негізгі ақпараттық себептерді анықтау. Зерттеу әдістері: талдау және синтез, БАҚ мониторингі және контент-талдау.
Зерттеу нәтижелері бізді қызықтыратын медиа-кеңістік сегментінде жарияланған хабарламалар саяси сипаттағы мәселелермен көбірек байланысты екенін көрсетті. Түркі әлемі халықтарының тарихи-мәдени мұрасына, оның сақталуы мен танымал болуына, Ресей халықтары мен Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени бірлігіне қатысты басылымдар медиа кеңістікте елеусіз орын алады. Сонымен қатар, бұл түркі-славян халықтарының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерінің өзіндік «қоймасы» болып табылатын медиа кеңістік, ал бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамда мәдени жаңғырту қызметін атқарады.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми маңыздылығы алғаш рет «түркі әлемі» тақырыптық сегменті бойынша медиа кеңістіктің негізгі параметрлеріне баға берілгендігінде: жарияланымдар саны, түпнұсқа\қайта басылымдардың үлесі; ақпараттық себептер; санаттар, салалар бойынша БАҚ; елдік БАҚ; жанрлар, айдарлар бойынша БАҚ; авторлар бойынша. Талдау нәтижелері түркі әлемінің негізгі оқиғаларын жариялаудағы негізгі медиатрендтерді сипаттауға, қоғамдық пікірді қалыптастыратын неғұрлым ықпалды БАҚ-тарды анықтауға мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылығы алынған мәліметтер негізінде түркітану және түркі әлемі мәселелерін зерттейтін ұйымдар үшін оңтайлы Коммуникациялық стратегия құруға болатындығымен анықталады.
Кілт сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары, медиакеңістік, Түркі әлемі, ақпараттық күн тәртібі, коммуникациялар, медиаанализ.

