Қазақстандық БАҚ саласындағы жасанды интеллекттің дамуының қазіргі жағдайы және болашағына SWOT-талдау
DOI:
10.26577/HJ.2022.v66.i4.05Аңдатпа
Қазақстан жағдайында ресми мемлекеттік деңгейде мемлекеттік ақпараттық қызметтерді кеңінен енгізуге және ақпараттық технологиялар негізінде басқаруды жаңғыртуға ұмтылыс бар. Бұл қызметтердің қатарында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағыдай электронды үкіметті (egov.kz) енгізу және қоғамдық кеңістікті кезең-кезеңімен цифрландыру кіреді.
Авторлар цифрландыру үдерісін жасанды интеллект негізіндегі әртүрлі құралдарды енгізу және енгізу жолындағы алдын ала қадам ретінде қарастырады. Зерттеудің мақсаты – қазақстандық медиа саласында жасанды интеллект негізіндегі әртүрлі құралдарды қолдану мысалдарын зерттеу.
Ғылыми маңыздылығы тақырыптың өзектілігіне, жұмыстың пәнаралық бағытына байланысты. Практикалық маңыздылығы бірнеше ғылыми салаларда деректерді пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Әртүрлі жасанды интеллект құралдарына негізделген электрондық платформаларды пайдаланудың күшті және әлсіз жақтарын, ықтимал мүмкіндіктері мен қауіптерін зерттеу үшін авторлар мазмұнды талдаудан басқа, сандық та, сапалық та іріктеуге мүмкіндік беретін SWOT талдау әдісін пайдаланды. Қазақстандағы AI дамуының күшті жақтары аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда цифрландырудың салыстырмалы түрде жоғары деңгейін қамтиды деп қорытынды жасауға болады. Қазақстан жасанды интеллект технологиялары мен алдыңғы қатарлы аналитиканың әлеуетін толық пайдалану үшін мемлекет, жеке бизнес және ел тұрғындарының бірлескен күш-жігерін де қажет етеді. Халық деңгейінде күнделікті өмірді жеңілдету үшін технологияны пайдалану әдеттерін қалыптастыру, сонымен қатар цифрлық жұмыс әдістерін дамыту туралы айтуға болады. Бұл жұмыс AI негізіндегі технологияларды Қазақстанның әртүрлі әлеуметтік-экономикалық салаларында қолдануды түсінуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін әлеуметтік журналистика бойынша қолданбалы жұмыста пайдалануға болады.
Кілт сөздер: жасанды интеллект, SWOT талдау, ақпараттық технологиялар, медиа индустрия, «Цифрлық Қазақстан».

