«Қауіпсіздік» теориясы және әлеуметтік желілердегі саяси риторика мәселесі

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2022.v66.i4.07

Аңдатпа

«Ақпараттық қауіпсіздік» деп компьютерлік жүйелердің, бағдарламалардың және деректердің жария болуынан немесе бұзудан қорғау үшін қажетті шаралар кешені түсіндіріледі. Соңғы кезде «қауіпсіздік» ұғымы жаңа мәнге ие бола бастады, осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздік түсінігіне көзқарас жаңа әлеуметтік және саяси мағыналармен толтырыла бастады.

Киберкеңістік – қазіргі өмірдің айқындаушы белгісі, сондықтан «ұлттық қауіпсіздік» ұғымына әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің пайда болуымен туындаған әлеуметтік-саяси сипаттағы қауіптер мен сын-қатерлердің алдын алу тұрғысынан «киберқауіпсіздік» ұғымы сияқты барлық жаңа анықтамалық объектілер кіре бастады.

Батыс академияларындағы «киберқауіпсіздік» туралы осындай түсінік «интернет қауіпсіздігі» контекстінде «ақпараттық қауіпсіздікті» қарастыратын Cyber Security Politics тұжырымдамасында теориялық айшықтауға ие болды. Бұл көзқарастың пайда болуы мен дамуына Копенгаген мектебінің сөйлеу актілерін «секьюритизациялау» концепциясы көп әсер етті.

Зерттеудің негізгі мақсаты - "киберқауіпсіздік" тұтастай алғанда мемлекеттік қауіпсіздік саясатының теориясы мен практикасымен қалай байланысты екенін анықтау, саясаткерлердің, әлеуметтік медиа мамандарының, сайлау науқандарындағы риторикасының рөлін анықтау және сөздің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сақтауға әсер ету әдістерін көрсету.

Facebook, Twitter және басқалары сияқты әлеуметтік желілерде қолданылатын сөйлеу актілерін контент-талдау және дискурсивті талдау негізінде келесі нәтижелер алынды: бұқаралық сананы қалыптастыруға әлеуметтік желілердің қоғамдық қауіп-қатері мәселесін қоюдың маңыздылығы айқындалған, мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажеттілігі көрсетілген.

Киберқауіпсіздікке төнетін қатерлер - ХХІ ғасырда әрбір мемлекет алдында тұрған ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық қауіпсіздіктің, саясат пен экономиканың негізгі сын-қатерлерінің бірі. Сонымен қатар, өмірдің әртүрлі салаларында көптеген киберқауіпсіздік мәселелерінің болуы оларды шешуге саяси қызығушылықты арттырады. Атап айтқанда, мессенджерлерден туындайтын қауіп-қатерлерді шешудің бұл мәселесі сөз бостандығы туралы конституциялық ережелерге сәйкес келу тұрғысынан АҚШ Конгресінің қарауында жатыр.

Зерттеудің жаңалығы - интернет-кеңістіктің қазақстандық сегментін талдау, АҚШ пен Ресейдегі киберқауіптердің проблемалық жағдайларын салыстырмалы талдау. Зерттеу нәтижелері интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында медиа мамандар, әлеуметтік желілердің контент-менеджерлері үшін практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: «киберқауіпсіздік», қоғамдық-саяси сипаттағы қауіптер мен сын-қатерлердің алдын алу, әлеуметтік желі, риторика.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-15