Дағдарыс жағдайындағы коммуникация: қазақстандық Kaspi bank мысалы негізінде

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2023.v67.i1.04

Аңдатпа

Мақалада мобильді құрылғыларға ақпаратты жаппай жіберу нәтижесінде туындаған дағдарыстық жағдай кезінде Каспий банкінің дағдарыстық байланысының мысалы негізге алынып, осы бағытта зерттеу жүргізілген.

2014 жылы Қазақстанның «Kaspi Bank», «Банк Центр Кредит» және «Альянс банк» үш банкі бір мезгілде дағдарыс жағдайына тап болады. Бұл қаржылық емес, хабарлама арқылы тараған жалған ақпараттың кесірінен болған дағдарыс болатын. Бұл зерттеу жұмысында осы банктердің арасында  Kaspi Bank-тің дағдарыстық коммуникация стратегиясы қарастырылады. Себебі, бұл банк басқа банктермен салыстырғанда дағдарысқа бірден және тиімді, белсенді әрекет жасады. Сонымен қатар, банк жүргізген дағдарыстық коммуникация процесі нәтижелі және креативті болғанын және ол банктің үш күн ішінде дағдарысты еңсеруіне мүмкіндік берді.

Зерттеу алдымен банктің қандай және қашан, ненің әсерінен дағдарыстық жағдайға ұшырағандығын түсіндіреді. Екіншіден, дағдарыс және дағдарыстық коммуникациялар тұжырымдамаларына теориялық, академиялық түсініктеме беріледі. Үшіншіден, әдістеме бөлімінде зерттеудің сапалық және сандық әдістері көрсетіледі. Атап айтқанда, дағдарыс кезінде және дағдарыстан кейін Kaspi bank пайдаланған дағдарысқа қарсы әрекет ету стратегиялары, оның хабарламасын жасау кезінде ұйымның лексикалық таңдауы және дискурс арқылы зерттелген дағдарысқа қарсы әрекет етудің төрт материалы негізінде дағдарысқа жауап берудегі маңызды субъектілер мен оқиғаларды талдау. Сондай-ақ, контент анализ жасау жолдары түсіндіріледі. Төртіншіден, зерттеудің негізгі бөлігі - зерттеу нәтижелері талқыланады. Соңында мүдделі тараптардың реакциясы Kaspi bank-тің дағдарыстық жағдайына қатысты мақалалар мен жаңалықтарға түсініктемелер негізінде зерттелді.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Kaspi bank-тің дағдарысты басқару үшін имиджді қалпына келтіру (Image Repair Theory), кешірім сұрау (Apology Theory), саралау стратегиясы және жағдайлық дағдарыс коммуникация теориясын (Situational Crisis Communication Theory) тиімді пайдаланды. Бұл зерттеу кризистік коммуникацияға бағытталған  маңызды жұмыс болып саналады, себебі, Қазақстанда банк саласының дағдарыстық жағдайы немесе кризистік коммуникациялар туралы зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен қатар, бұл мақала коммуникация және PR саласындағы зерттеушілерге, мамандарға және студенттерге қажетті болып саналады.

Түйін сөздер: коммуникация, дағдарыс, дағдарыстық коммуникация, кризистік менеджмент, дискурс анализ, контент анализ.

Жарияланды

2023-03-17

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА