Қазіргі кітаптану ғылымының әдебиет пен баспа ұйымдары акторларының өзара қарым-қатынас алаңындағы дискурсы
DOI:
10.26577/HJ.2023.v67.i1.06Аңдатпа
Мақала ұдайы даму үстіндегі ақпараттық-мәдени саладағы кітаптар мен кітаптану мәселелеріне арналған. Авторлар классикалық және заманауи кітаптану саласын жаңартудың теориялық және әдістемелік талдаулар арқылы кросс-коммуникация құралы ретінде түсінікті жолдарын қарастырған. Мақаланың мақсаты – кітаптар мен кітаптануды зерттеудегі дәстүрлі және заманауи кросс-тәсілдерді талдау. Зерттеу әдістерін бақылау, модельдеу, сұрастыру, салыстырмалы түрде тарихи, функционалдық және дискурстық талдау.
Қазіргі кезең кітаптану ғылымының өзекті мәселелерін қайтадан мұқият зерделеуді талап етеді. Ақпараттық кеңістікте кітапты зерттеуге кері әсерін тигізетін себептерге кітап жүйесінің күйреуі мен нақты жұмыс істейтін кітаптану орталықтарының жойылуы және бұл бағыттағы жүйелі зерттеулердің болмауы әсер етуге.
Мақала авторларының пікірінше қазіргі уақытта кітаптану ғылымының өзектілігін жоққа шығару, кітаптарды дайындау және басып шығару тәсілдерінің жеңілдетілуімен, осы саладағы цифрлық даму- өзгерістерімен, жаңа заманауи жағдайлардың қалыптасуымен (оқырмандардың гаджеттері және т.б), әдеби және баспа дискурсының жалпы гуманитарлық саладағы ақпараттардың аздығы себеп сияқты. Ғылыми конференцияларда, семинарларда кітаптану жайлы тақырыптар мен мәселелер көтеріледі, қызықты мақалалар бар, бірақ кітаптану мәселелерін шешуде байқалатын өзгерістер байқалмайды. Ғылыми идея ретінде қазіргі заманғы кітап пен кітаптану кросс-тәсілдер мен коммуникациялық форматтардың алуан түрлілігіндегі біртұтас нысандар ретінде медиасфера құрылымына енеді деген гипотеза ұсынылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығына тәжірибелік зерттеу нәтижелерін баспагерлер мен БАҚ мамандарын оқыту барысында кеңінен қолдану мүмкіндігінде жатыр.
Негізгі сөздер: кітап, кітаптану, акторлар, әдеби-баспа дискурс, кітап бизнесі, кросс-коммуникация.

