Орталық Азиядағы трансшекаралық журналистік зерттеулердің платформалануы
DOI:
10.26577/HJ.2023.v68.i2.07Аңдатпа
Зерттеу жұмысы ашық дерек көздерінен ақпарат жинауға бағытталған. Бұл зерттеу деректер әлем туралы бейтарап және тікелей түсінік беріп қана қоймай, саясат пен мәдениетке, қаржы мен билікке байланысты мәселелерді талдайды. Сауалнамалардан статистикаға, климат туралы ғылымға, әлеуметтік медиа платформаларына дейін деректерді жинаудың негізінде жатқан институттар мен инфрақұрылымдар қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – деректер журналистикасын заттардың қалай ұсынылатындығы тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге оның қарым-қатынасты қалай ұйымдастыратындығы тұрғысынан да қарастыру. Яғни, аталмыш мақала тек деректер тарихын құру туралы ғана емес (деректерді жинау, талдау, визуализация және ұсыну арқылы), сонымен қатар, аудиторияны, дереккөздерді, әдістерді, мекемелерді және әлеуметтік медиа платформаларын біріктіреді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің медиакоммуникация және журналистика саласындағы үлкен деректермен жұмыс істеудің өзекті аспектілерінде жатыр. Трансшекаралық тергеу журналистикасын платформалау, деректер туралы ескертулерді орнату, оффшорлық ағып кетулерге байланысты мәліметтер базасы сияқты бағыттардағы зерттеулер егжей-тегжейлі қарастырылады. Қырғызстанда ашық деректерді қолдану аясы кең болып табылады. Медиа және коммуникация саласында маңызды болып саналатын зерттеу стратегиясы мен тәсілдері қозғалады.
Зерттеу барысында әлеуметтік зерттеулердің қолданбалы әдістері қолданылды. Сандық және сапалық зерттеулер, атап айтқанда, отандық, батыстық және ресейлік зерттеушілердің жұмыстарына сараптамалық талдау, жіктеулер зерттеудің әдіснамалық негізінде жасалды. Зерттеу нәтижелері мемлекеттің саяси жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық процестерді жүзеге асыруда үлкен практикалық маңызға ие.
Қолдану саласы: медиа және коммуникация, Әлеуметтану және т. б.
Зерттеу жұмысының құндылығы – журналистердің тұрақты болашаққа қол жеткізудегі осы аймақтың әлеуметтік мәселелерін тергеуге бағытталған үлкен деректер құралдары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде коммуникациялар бойынша құзыретті мамандар мен журналистерді даярлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеумен айқындалады.
Түйінді сөздер: үлкен деректер, деректер журналистикасы, ескерту жүйелері, тергеу журналистикасы, мәліметтер базасы, цифрландыру, платформа.

