Отандық медиаөнімдердің гендерлік идеологиясының табиғаты

Авторлар

  • Д. Маратова әл-Фараби ат. ҚазҰУ https://orcid.org/0000-0003-2847-2897
  • Д. Қалибекұлы Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0001-5162-9990
  • Ә. Қамза Алматы менеджмент университет, Казахстан, г.Алматы https://orcid.org/0000-0001-8372-4378
  • К. Қамзин Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0003-3212-5169

DOI:

10.26577/HJ.2024.v72.i2.11

Кілт сөздер:

медиа, газета «Улан», отечественное издание, Gakku TV, телесериал, гендерное равенство, феминизм.

Аңдатпа

Кейінгі жылдары Қазақстанда медиадағы гендер теңдігі мен бала бейнесі мәселесіне баса назар аударыла бастады. Ғылыми мақалада қазіргі уақытта отандық БАҚ-да жарияланған медиаөнімдерде гендер идеологиясының көрініс табуы контент-анализ арқылы талданды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – қазақстандық БАҚ-да гендер теңдігі мәселесі күн тәртібіне қандай деңгейде қойылғанын, аудиторияға гендерлік идеология БАҚ арқылы қалай таралып жатқанын анықтау.

Гендер теңдігі идеологиясы қазақстандық медианарықта түрлі сипатта, түрлі жанрда көрініс тауып жатыр. Көркем фильм, мақала және басқа медиаөнімдер тек образ арқылы ғана емес, мәтін, мәдени код, коннотация арқылы да адамның ойын қозғап, жетілдіріп, қоғамдық сана қалыптастырады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының гендер идеологиясын насихаттауда, ой қалыптастыруда маңызы зор. Сәйкесінше медиаөнімдердің аудиторияға әсерін зерттеу де маңызға ие.

Ғылыми әдістеме ретінде заманалы БАҚ өнімдеріне мәтіндік сараптама (дискурс анализ) алға тартылды. Нақтыласақ, 2020-2023 жылдар аралығында «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінде жарияланған мақалалар мен Gakku TV-де түсірілген балалар мен жасөспірімдерге арналған отандық сериалдардағы гендер теңдігі процесіне тарихи-мәдени, көркемдік, философиялық, психологиялық және салыстырмалы талдау жасалды.

Осы бағыттағы зерттеу барысында кейбір медиаөнімдерде әйел мен бала құқығын қорғаудың кейбір гуманитарлық және демократиялық ережелері сақталмай отырғандығы анықталды. Мұндай құбылыс оқырман мен көрерменнің гендер теңдігі мәселесіне қатысты гуманистік көзқарасын қалыптастыруға үздіксіз әсер ететіндіктен, медиаөнімдерін этикалық және эстетикалық сүзгіден өткізу шарттары ұсынылды.

Автор өмірбаяндары

  • Д. Маратова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

    (негізгі автор) – докторант, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, эл.пошта: maratovadanaqanat@gmail.com);

  • Д. Қалибекұлы, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    докторант, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, эл.пошта: daryn150192@mail.ru);

  • Ә. Қамза, Алматы менеджмент университет, Казахстан, г.Алматы

    медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша философия докторы (PhD), AlmaU университеті, Медиа және кино мектебінің ассистент профессоры (Алматы, Қазақстан, эл.пошта: a.kamza@almau.kz);

  • К. Қамзин, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

    филология ғылымдарының докторы, профессор, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, эл.пошта: kaken-kamzin@mail.ru). 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-05-27