Қазақстан газеттеріндегі гендерлік теңгерім: сыни мазмұндық талдау

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ.2024.v73.i3.3

Кілт сөздер:

gender, popular press, newspapers, genre groups, media, journalism in Kazakhstan.

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның баспа басылымдарындағы гендерлік теңдіктің өзекті мәселесін зерттеуге арналған. Қоғамдық пікірді қалыптастыруға көңіл бөлу қажеттілігін ескере отырып, БАҚ дискурсында басым орын алатын күн тәртібіне және БҰҰ-ның гендерлік теңдік жөніндегі 5-ші Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін журналистердің аудиторияға жеткізетін хабарламаларына диагноз қойылды. Зерттеудің мақсаты  Қазақстан  Республикасының әйелдер құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық конвенцияларды іске асыру жөніндегі міндеттемелерін бекіту бойынша одан әрі жұмысты нақтылау және көрсету болып табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында (соның ішінде мерзімді баспасөзде) гендерлік ақпараттың теңгерімін зерделеу, журналистердің гендерлік тепе-теңдігін сандық тұрғыдан бағалау, сондай- ақ гендерлік ерекшеліктерді ескеретін материалдардың көлемін анықтау БҰҰ, ЮНЕСКО, БҰҰ-әйелдер, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдар үшін басымдық бағыт болып табылады және олар БАҚ-тағы гендерлік хабарлау мәселесіне және журналистикадағы ерлер мен әйелдердің мәртебесі мен экономикалық табиғатына ерекше назар аударады. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін осы әдістемеге сәйкес 400 000-нан астам аудиторияны қамтитын Қазақстандағы ең ірі 13 баспасөз басылымдары (245 нөмір) материалдың жанрлық бөліністері, көрнекі мазмұн және әйелдер жасаған материалдар гендерлік тепе-теңдік критерийлері бойын- ша қарастырылды.

Дәстүрлі БАҚ-тағы журналистік материалдарды беру тепе-теңдігін зерттеу барысында ақ- параттық жанрдағы контенттің аналитикалық мазмұннан басым түсетіні анықталды. Сонымен қатар БАҚ арқылы әйел имиджін қалыптастырудағы төмендегідей мәселелер анықталды: қо- ғамдағы әйелдердің рөлі аналитикалық және журналистік материалдар арқылы емес, көбінесе шоу-бизнес және ойын-сауық салаларында көрсетіледі және газеттердің мазмұнын көрнекілік тұрғыдан безендіруде де диспропорциялар табылды.

Бұл зерттеу Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп отыр. Нәтижелер медиа дискурста артықшы- лық әйелдер жағында емес екенін көрсетті, атап өтерлігі, айырмашылық 23 пайызды құрайды. Бұл дерек Қазақстандағы БАҚ-тың ақпараттық саясатында проблеманың бар екенін көрсетеді. Мақалада зерттеу қорытындыларының маңыздылығы нақты проблемалық деректермен дәлел- денеді, олардың белгіленуі баспалық БАҚ саясатында да, жалпы ақпараттық-коммуникациялық салада да теңдікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс бағыттарын түзетуге және егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Л.С. Ахметова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

    Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО журналистика және коммуникация кафедрасының профессоры. (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: laila_akhmetova@mail.ru);

  • Д.П. Шорохов, The International University of Information Technology, Kazakhstan, Almaty

    Шорохов Дмитрий Павлович – филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің БАҚ-пен коммуникациялар және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: d.shorokhov@iitu.kz).

  • А.В. Веревкин, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Алексей Валентинович Веревкин – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: aleks_verevkin@front.ru).

  • Т.Ю. Лифанова, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Лифанова Татьяна Юрьевна – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: tatiana.lifanova@kaznu.edu.kz).

  • С.С. Ахметов, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Ахметов Сергей Сергеевич (корреспондент-автор) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ полиграфиялық және электронды БАҚ кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: akhmetov1985@mail.ru).

  • С.В. Лифанов, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Лифанов Сергей Алексеевич – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: lifanov.sergey.a@gmail.com).

Жарияланды

2024-09-18

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА