Журналистерді электронды оқыту технологиялары: SC Training (EdApp) платформасын енгізу тәжірибесі

Авторлар

DOI:

10.26577/HJ202575104

Кілт сөздер:

journalism education, SC Training (EdApp), methodology of online education, MOOC, media coverage of migration.

Аңдатпа

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты қашықтан білім беру жүйесіне жаппай
ауысу онлайн-оқыту тәжірибесін өзекті тақырыпқа айналдырды. Офлайн форматқа оралғаннан
кейін, оқытушылар қашықтан жаңа білім берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіре түсті; жаппай ашық
онлайн курстар (ЖАОК) виртуалды педагогикалық портфельдердің маңызды бөлігі болып қала
берді. Бұл әдіс білім беру ресурстарын басқарудың инклюзивті, ыңғайлы және үнемі дамып
отыратын түрі және жұмыс кестесін жоспарлаудың қарапайымдылығымен, әдістерді таңдау, ең
бастысы – оқуды қызықты әрі пайдалы ету мүмкіндігімен ерекшелінеді.
Мақалада SC Training (EdApp) инновациялық платформасында орналастырылған "Өңір-
Орталық Азия: көші – қон мәселелері бойынша журналистік білім беру" курсын іске қосқан және
сынақтан өткізген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың МООК әзірлеушілер тобының тәжірибесі
сипатталған. Зерттеудің мақсаты - таңдалған платформаның тиімділігін бағалау, студенттер мен
оқытушылардың жауаптарына сапалы талдау жүргізу, SC Training әдістемесі мен құралдарын
журналистерді оқытудағы интегративті ресурс ретінде сипаттау.
Зерттеу әдістері ретінде сауалнамалар, жанды сұхбат, эксперименттік тестілеу, дағдыларды
игеру процесінің тиімділігін бағалау арқылы алынған өлшенген эмпирикалық деректерді талдау
қолданылады. Сондай-ақ, авторлар негізгі және қосымша ақпаратты сегменттеудің әмбебап әдістерін, педагогикалық формалардың ойын аспектілерін және инновациялық цифрлық
ресурстарды пайдаланудың өзіндік тәжірибесін қалыптастырды.
Зерттеу нәтижесінде авторлар мобильді форматтар арқылы білім берудің жаңа әдіс-
тәсілдеріне жоғары сұраныстың бар екеніне көз жеткізіп, студенттердің инновациялық ойын
түріндегі білім беру ресурстарына оң реакциясын айқындап, курстың сыйымдылық, динамизм
және жас аудиторияның сұраныстарына жақындығын есепке алып, онлайн білім беру саласын
дамытудың кезек күттірмейтін өзекті мәселе екендігін анықтайды.

Автор өмірбаяндары

  • Е.И. Дудинова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

    Елена Дудинова – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО журналистика және коммуникация кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, email: elenadudinova29@gmail.com).

  • М.О. Негізбаева, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Марлан Негізбаева – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, email: marlanonneg@gmail.com).

  • Н.Т. Шыңғысова, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

    Назгүл Шыңғысова - филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспа және электронды БАҚ кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: Nazgul.Shyngysova@kaznu.edu.kz).

  • Ә.А. Нұршайықова, Management University, Almaty, Kazakhstan

    Әлия Нұршайықова – PhD докторанты, Алматы Менеджмент Университетінің «Жаңа медиа» бағдарламасының жетекшісі, AlmaU және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: a.nurshaikhova@almau.edu.kz).

Жарияланды

2025-03-24

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА