Иммерсивті кітап Қазақстандағы заманауи кітап басып шығарудағы жаңа формат

Авторлар

  • Ғ.Ж. Ибраева әл-Фараби ат. ҚазҰУ https://orcid.org/0009-0001-7747-0671
  • М.Х. Аргынбаева Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-5529-7660
  • Г.Е. Беркенова Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-2114-4359
  • Д.Ә. Авелбеков Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0002-9301-848X
  • А.Ж. Ибраев Университет «Туран», Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0004-8126-0409
  • А.Б. Бауыржан Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-2876-1808

DOI:

10.26577/HJ79120263

Кілт сөздер:

иммерсивность, дополненная реальность (AR), виртуальная реальность (VR), книгоиздание, сторителлинг, Казахстан.

Аңдатпа

Мақалада ұлттық медиажүйенің терең цифрлық трансформациясының айқын үлгісі ретінде қазақстандық кітап басу ісіне толықтырылған (AR) және виртуалды (VR) шынайылық технологияларының интеграциясы талданады.

Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі баспа формаларынан гибридті медиаөнімдерге жедел көшумен байланысты, бұл медиаконвергенция жағдайында жаңа нарративті, өндірістік және тұтынушылық тәжірибелерді теориялық тұрғыдан пайымдауды талап етеді.

Жұмыстың мақсаты — заманауи медиатеориялар мен өзекті эмпирикалық мәліметтерді синтездеу негізінде отандық баспа секторындағы иммерсивті форматтардың ерекшелігін, әлеуетін және жүйелік шектеулерін анықтау.

Зерттеу әдістемесі жүйелі талдауға және 2025–2026 жылдар аралығындағы Қазақстанның иммерсивті кітап жобаларының жетекші әзірлеушілерімен, AR-дизайнерлерімен және контент-менеджерлерімен өткізілген жартылай құрылымдалған сұхбаттар сериясы арқылы іске асырылған сапалы тәсілге негізделген. Жұмыс барысында толықтырылған шынайылық (AR) гибридті форматтарының, әсіресе нон-фикшн, балалар әдебиеті, тарихи-өлкетану және музыкалық әдебиет сегменттерінде нарықтық және білім беру әлеуеті өте жоғары екендігі анықталды. Кітап ісіндегі иммерсивтілік оқырманның рөлін пассивті тұтынушыдан медиаортаның белсенді қатысушысына өзгертетіні, бұл ақпаратты қабылдау мен игерудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететіні дәлелденді.

Қорытындыда баспалар мен IT секторы арасындағы пәнаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігі көрсетілген. Ол сондай-ақ кәсіби баспа құзыреттерін жан-жақты қарастыру және көрнекі мазмұнды тексеруге, пайдаланушының когнитивтік жүктемесін басқаруға және цифрлық қосымшалардағы жеке деректерді қорғауға қатысты жаңа этикалық стандарттарды институттандыру қажеттілігін негіздейді.

Автор өмірбаяндары

  • Ғ.Ж. Ибраева, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

    Ибраева Ғалия Жүнісқызы (корреспонденттік автор), саясаттану ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің баспа, редакциялық және дизайн өнері кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, е-mail: galiya.ibrayeva@gmail.com, Galiya.Ibrayeva@kaznu.edu.kz);

  • М.Х. Аргынбаева, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Арғынбаева Мақпал Халелқызы филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің баспа, редакциялық және дизайн өнері кафедрасының ассистент-профессоры (Алматы, Қазақстан, е-mail:  m.duarg@gmail.com);

  • Г.Е. Беркенова, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Беркенова Гүлнұр Ерланқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, е-mail: gulnura0710mail.ru@gmail.com);

  • Д.Ә. Авелбеков, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Авелбеков Диас Әділұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының «Баспа менеджменті және типографика» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс магистранты (Алматы, Қазақстан, е-mail: diasavel66@gmail.com);

  • А.Ж. Ибраев, Университет «Туран», Алматы, Казахстан

    Ибраев Әділ Жүнісұлы – Тұран университетінің доценті (Алматы, Қазақстан, е-mail: altai.ibray@gmail.com);

  • А.Б. Бауыржан, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Аяжан Бауыржан – докторант, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, e- mail: ayazhan.news@gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА