Жасанды интеллекттің медиакоммуникациядағы рөлі: тарихи аспектілер мен даму тенденциялары

Авторлар

  • Ж.А. Батырханова Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • Н.Т. Данаева Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • Н.Т. Нұрпейіс Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

DOI:

10.26577/HJ802202610

Кілт сөздер:

искусственный интеллект, профессиональное развитие, риски, медиаком-муникация, технологическая адаптация, нейронные сети, рынок труда.

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – қазіргі әлемдегі медиакоммуникациялық арналарды қалыптастыруда технологияның рөлін, тарихи аспектілері мен даму тенденцияларын сараптау және оның адамзаттың болашағы үшін қандай перспективалар бар екенін нақтырақ көрсету. Сонымен қатар стратегиялық коммуникациялар бағытында заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің қоғамымызға тигізетін әсерін талқылау болып табылады.

Аталмыш зерттеу кәсіби даму саласында жасанды интеллект (AI) технологияларының ықтимал және нақты қауіптерін қабылдау ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Зерттеу медиакоммуникация саласы мамандарының қатысуымен жүргізіліп, олардың AI интеграциясына деген көзқарастары мен кәсіби тәжірибесіне негізделген субъективті бағалауларын айқындауға мүмкіндік берді. Нәтижелер респонденттердің пікірлерінде айқын поляризация бар екенін көрсетті.

Респонденттердің шамамен 15%-ы жасанды интеллектті қазіргі таңда көптеген кәсіптер үшін нақты қауіп көзі ретінде қабылдайды. Бұл топтың пікірінше, AI тек автоматтандыру құралы емес, сонымен қатар кадрлық құрылымға елеулі әсер ететін трансформациялық фактор. Олар әсіресе экономика, білім беру, денсаулық сақтау және ақпараттық-коммуникациялық салаларда AI-дың адам еңбегін алмастыру әлеуетін ерекше атап өтеді.

Респонденттердің ең көп бөлігі (50%) жасанды интеллекттің болашақта маңызды рөл атқаратынын мойындағанымен, қазіргі уақытта оның әсері шектеулі деп есептейді. Бұл көзқарас AI технологияларының даму деңгейімен, контекстті түсіну қабілетінің әлсіздігімен және деректерге тәуелділігімен түсіндіріледі. Олар болашақта бұл технологиялардың әлеуеті артып, кәсіби ортадағы процестер мен талаптарды түбегейлі өзгертуі мүмкін деп болжайды.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері жасанды интеллекттің кәсіби салада қабылдануының күрделілігінжәнеәртүрліәлеуметтіктоптарарасындаоныңәлеуетінтүсінудегіайырмашылықтарды айқындайды. Бұл бағыттағы зерттеулерді жалғастыру қоғамның технологиялық бейімделу деңгейін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеу сипаттамалық және аналитикалық сипатта болды. Сауалнама әдісі қолданылып, деректер Google Forms онлайн платформасы арқылы жиналды. Бұл әдіс респонденттердің пікірлерін жедел және кең ауқымда жинауға мүмкіндік берді.

Жиналған деректер статистикалық тұрғыдан өңделіп, пайыздық үлестер арқылы диаграмма түрінде көрсетілді.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.А. Батырханова, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Батырханова Жазира Әлімқұлқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 1-курс докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhazira.batyrkhanova79@gmail.com).

  • Н.Т. Данаева, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы (корреспондент-автор) – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: ndanaeva777@gmail.com).

  • Н.Т. Нұрпейіс, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Нұрпейіс Ләзиза Сағындыққызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: laziza@industrygroup.net).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20