Қазақстан масс-медиасындағы Су мәселесінің жазылуы: «Азаттық радиосы» мен Azattyq-ruhy.kz сайты мысалында салыстырмалы талдау

Авторлар

  • І.С. Қыдырмолданова Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • О.Ж. Ошанова Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

DOI:

10.26577/HJ802202611

Кілт сөздер:

водные проблемы, Центральная Азия, Казахстан, медиа, экология, экокуль-тура.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы су ресурстары мәселесінің жазылу деңгейін саралауға арналған. Зерттеудің өзектілігі су мәселесі туралы медиа материалдарға салыстырмалы талдау жасау қажеттілігімен ғана танылып қоймайды, сонымен қатар алғаш рет аудиторияға ұсынылатын ақпараттың берілу тәсілі, деректердің шынайылығы және жанрлық ерекшеліктері жүйеленіп берілді.

Зерттеу мақсаты – дағдарыстық коммуникация жүйесінің негізгі бір бөлігі ретінде қарастырылатын қазіргі журналистиканың қызметтік рөлін еліміздің БАҚ-дағы су мәселесінің медиадағы бет-бейнесін танытудың өзгешеліктері негізінде анықтау. Мақаланың негізгі идеясы

«Азаттық радиосы» мен azattyq-ruhy.kz сайтының редакциялық ережелері мен саясаттарын ала отырып, олардағы бір ғана проблеманың түрлі мазмұнда жазылып әрі ақпараттардың өзіндік стильде берілу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерделеу болды.

Зерттеуді жүргізу барысында жұмыста әдістемелік тұрғыдан салыстырмалы талдау мен дискурстық тәсілдер пайдаланылды, дегенмен негізгі назар материалдарды жіктеуде емес, мәтін ішінде мағынаның қалай қалыптасатынын және қандай баяндау стратегиялары қолданылатынын анықтауға бағытталды. Теориялық негіз ретінде дағдарыстық коммуникация және медиа дискурс мәселелеріне бағытталған зерттеулер алынды.

Зерттеу нәтижесінде су мәселесі медиакеңістікте бір мезетте әрі экологиялық, әрі дағдарыстық сипат алып, көпқабатты ақпараттық өріс қалыптастыратыны анықталып, «Азаттық радиосы» мен azattyq-ruhy.kz сайтының ақпарат таратудағы редакциялық саясатындағы айырмашылықтар аймақтық ақпараттық күн тәртібінің біркелкі емес екенін көрсетті.

Жалпы алғанда, еліміздегі су ресурстарына қатысты тақырыптардың тіршілік үшін маңыздылығын түсіну көпшілік аудиториядан сыни ойлау қабілетін талап етеді, ал журналистика қазіргі жағдайда тек ақпарат жеткізуші ғана емес, сонымен бірге оны әр тарапта құбылтып беруші рөлге де ие болып отырғандығы бұл зерттеудің өзектілігін әрі қажеттілігін арттыра түседі.

Автор өмірбаяндары

  • І.С. Қыдырмолданова, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Қыдырмолданова Інкәр Серікханқызы (корреспондент-автор) – докторант, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: inkarqydyrmolda@gmail.com).

  • О.Ж. Ошанова, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Ошанова Орынтай Жаңабайқы ы – филология ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: oryntay73@ gmail.com).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20