Дағдарыс кезінде әлеуметтік желілердегі эмоциялық экспрессия: Қазақстан мен Қытай мысалы негізінде

Авторлар

  • А. Қайрат Аl-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
  • З.К. Буенбаева Аl-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

DOI:

10.26577/HJ802202612

Кілт сөздер:

Crisis communication, Emotional expression, social media, Emotional amplification.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысы дағдарыс кезеңінде әлеуметтік желілерде эмоциялардың таралуын талдауға және мемлекеттік құрылымдар, медиа және өзге де коммуникациялық акторлардың эмоциялық тұрғыдан таңбаланған хабарламалар арқылы қоғамдық қабылдауға қалай ықпал ететінін айқындауға негізделген. Жұмыс дағдарыстық коммуникациядағы эмоциялардың рөлін тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді және онлайн-дағдарысты басқару мен қоғамдық өзара іс-қимыл практикаларын жетілдірудің теориялық негіздерін қалыптастырады.

Зерттеу жұмысы мына сұраққа негізделеді: дағдарыс кезінде мемлекеттік және медиалық акторлар қоғамдық пікір мен ұжымдық реакцияларды қалыптастыру үшін эмоциялық реңкі бар тілді қалай пайдаланады? Бастапқы гипотезаға сәйкес, эмоциялық коммуникация қоғамдық сенім деңгейіне, топтық сәйкестендіру үдерістеріне және қоғамдық ұстанымдардың динамикасына айтарлықтай ықпал етеді.

Зерттеудің әдіснамалық негізі дағдарыстың өмірлік цикл теориясы мен жағдаяттық дағдарыстық коммуникация теориясын біріктіріп, жиналған деректерге сапалық және сандық талдаулар жүргізілді, сондай-ақ деректерді визуализациялау әдістері қолданылды. Зерттеу екі дағдарыстық кейсті салыстырылды: 2022 жылғы Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы және 2021 жылғы Қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы су тасқыны.

Эмпирикалық база әлеуметтік желілер материалдарынан құралды: қазақстандық кейс бойын-ша – Instagram және Telegram, қытайлық кейс бойынша – Weibo және Douyin (TikTok) платфор-малары. Деректер дағдарысқа қатысты релевантты кілт сөздер арқылы жинақталды. Деректер қоры жарияланым мәтіндерін, жарияланым түрлерін, сондай-ақ дағдарыстың әртүрлі кезеңде-ріндегі негізгі қатысу көрсеткіштерін (қаралым саны, «ұнату» белгілері, пікірлер) қамтиды.

Бұл зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші, әлеуметтік желідегі жарияланымдар негізінде де-ректер қорын құру; екінші, П. Экманның алты негізгі эмоция моделіне сәйкес эмоцияларды код-тау; үшінші, екі кейстегі эмоциялық паттерндер мен платформалық динамиканы салыстырмалы талдау.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дағдарыс кезінде эмоциялық фреймдер жаңалықтық нар-ративтің құрылымына және аудиторияның реакциясына әсер етеді; эмоциялардың таралуы өз кезегінде қоғамдық сенімге, ұжымдық сәйкестіктің қалыптасуына және онлайн-талқылаулардың эмоциялық тональдылығына ықпал етеді.

Қазақстан мен Қытайдың эмпирикалық материалдарына негізделген пәнаралық салыстыр-малы тәсіл дағдарыс жағдайындағы эмоциялық коммуникация механизмдерін нақтылауға мүм-кіндік береді және мемлекеттік органдар, медиа ұйымдар мен қоғамдық институттар тарапынан эмоциялық күн тәртібін жауапкершілікпен басқаруға бағытталған практикалық ұсынымдар ұсы-нады. Бұл өз кезегінде қоғамдық диалогтің неғұрлым ұтымды әрі орнықты коммуникациялық ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Автор өмірбаяндары

  • А. Қайрат, Аl-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Қайрат Айна – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «8D03202 – Медиа және коммуникациялар» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: aina_hailati@163.com).

  • З.К. Буенбаева, Аl-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Буенбаева Зарина – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доцент м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: Zarina.buenbai@gmail.com).

Жарияланды

2026-06-20