Цифрлы медиадағы дипфейк кейсі: фокус-топ арқылы зерттеу

Авторлар

  • А.Е. Ибрайымов Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • К. Камзин Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
  • А. Сләмғажы Astana IT University, Астана, Казахстан
  • А.Х. Козбакова Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

DOI:

10.26577/HJ80220269

Кілт сөздер:

дипфейк, ложная информация, фактчекинг, дезинформация, социальная сеть

Аңдатпа

Аталмыш мақалада авторлар тобы заманалы әлеуметтік медиада өріс алып жатқан дипфейктер хақында жүйелі сөз қозғайды, оның үдерістік/динамикалық проблемаларына көңіл бөледі. Зерттеу өзектілігі қазіргі цифрлы кезеңде ақпарат тарату мен қабылдау форматына сүйенеді. Осындай өзара ұласымға түскен, кей ретте деформацияға ұшыраған әлеуметтік медиадағы құбылыстарға назар аударылады, оның нақты оқырмандарға әсер ететіндігі сараланады. Біз дәл осындай жасанды зияттың көмегімен жасалған ақпарат әлеуметтің туындыгерлік тіршілігі, қоғамның болашағы үшін аса өзекті деп санаймыз.

Қазіргі заман жастарының дені әртүрлі себептер, сан түрлі қозғаушы күштер әсерінен әлеуметтік желінің, демократиялық медианың айналасына қарқынды топтасуда. Олардың назары ақпарат қабылдау тиімділігі мен дипфейкке жиі ауатыны байқалады. Осы платформаларда олар тек ақпарат жинауды ғана емес, сонымен бірге жеке брендін дамытуға да мол мүмкіндік алатындығын аңғаруда.

Зерттеудің басты мақсаты – 17-22 арасындағы жастардың жасанды интеллект көмегімен дайындаған контентін анықтау, талдама жасау. Ол үшін жасанды зият демеуімен дүниеге келген дипфейктерді байқау тәсіліне, оларды ажырата алу әдісіне қатысты сұрақтар тобы құрастырылды, лайықты фокус топтар траекториясы санатында жұмыстар атқарылды. Әрі осы тақырыптың төңірегінде өнімді пайымдама жасаған ғалымдардың еңбектеріне назар аударылды, сауалнамаға қатысқан студенттердің жауаптары сарапталады.

Бүгінгі таңда ақпарат тарату және қабылдау технологиясы жасанды интеллект алаңына аяқ басты. Бұл, әрине, ақпарат өндіруші қауым үшін белгілі бір дәрежеде еңбек бөлінісінің, өнім шығаруды жеделдетудің айқын жолы. Бірақ та қай заманда болмасын негізгі мақсат жаңалық жеткізу ғана емес, сонымен бірге оның тұңғиығындағы фактілер табиғатына, оның айналасына, ықпал-әсеріне, ақпараттық кеңістіктегі трансформациясына көңіл бөлу – аса көкейтесті мәселелердің бірі. Демек, бұл – ұлы ақпараттық кеңістікте адами зиятпен адами зият, жасанды интеллект пен жасанды интеллект тайталасады деген сөз. Таяу жылдары саналы жан+ЖИ пен ЖИ+табиғи туындыгерлік майдандасады деген болжам айта аламыз.

Зерттеудің ғылыми идеясы – әлеуметтік желіде орын сайлаған бүркемелі хабарлама тұрпатын теориялық тұрғыдан байыптау, «бетперделі» ақпаратты жаңа буын өкілдерінің қалай қабылдайтынын практикалық жағынан зерделеу, жас буынның осы төтен құбылысқа қатысты көзқарасын анықтау. Сонымен қатар студент-жастардың ақпарат тарату үдерісі мен эстетикалық, танымдық екшеу салтын сынамалау.

Автор өмірбаяндары

  • А.Е. Ибрайымов, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Ибрайымов Алмабек Ерболатұлы (корреспондент-автор) – докторант, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, e-mail: ibraiymov.almabek@gmail.com).

  • К. Камзин, Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Камзин Кәкен – филология ғылымдарының докторы, профессор, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, e-mail: kaken-kamzin@mail.ru).

  • А. Сләмғажы, Astana IT University, Астана, Казахстан

    Сләмғажы Айнұр – PhD, Assistant Professor, Креативті индустрия мектебі, Astana IT University, (Астана, Қазақстан, e-mail: slamgazhya@gmail.com).

  • А.Х. Козбакова, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

    Козбакова Амина Хабибуллаевна – магистрант, Журналистика және медиаөнер кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, e-mail: aminakozbakova04@gmail.com).

Жарияланды

2026-06-20