Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация: отандық және халықаралық тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/9fgwb586Кілт сөздер:
туристік имидж, медиа репрезентация, Ясауи мұрасы, рухани туризм, цифрлық медиа, мәдени мұра.Аңдатпа
Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация процесі отандық және халықаралық ақпараттық кеңістік контексінде жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - Ясауи мұрасының түрлі медиа платфоромалардағы бейнелену ерекшеліктерін талдау арқылы имиджін қалыптастырудың негізгі тетіктерін анықтау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін туристік имидж теориясы, медиа репрезентация тұжырымдамалары және мәдени мұраны медиаландыру бағыттары құрайды. Зерттеуде контентті талдау, салыстырмалы талдау және кейс-стади әдістері қолданылады. Эмпирикалық дереккөздер ретінде отандық туристік медиа ресурстары («Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының цифрлық платформалары және «Visit Turkestan» жобалары), сондай-ақ халықаралық медиа кеңістігіндегі материалдар («UNESCO World Heritage Centre», «TRT Avaz» бағдарламалары және мәдени платформалар) қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері Ясауи мұрасының туристік имиджі медиалық нарративтер арқылы жүйелі түрде қалыптасатынын көрсетеді. Мақалада жүргізілген талдау Ясауи мұрасының туристік имиджі тек ақпараттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар символикалық және мәдени деңгейлерде де қалыптасатынын көрсетеді. Бұл зерттеудің нәтижелері мәдени мұраны цифрлық медиада репрезентациядлау, туристік имидж қалыптастыру және рухани туризм коммуникациясы салаларында теориялық және қолданбалы маңызға ие.









