Цифрлық медиакеңістігінде генетикалық модификацияланған ағзалар тақырыбының фреймдік және нарративтік берілуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/p4svq82002

Түйін сөздер:

генетикалық модификацияланған ағзалар, генетикалық модификацияланған өнімдер, цифрлық медиа, фрейминг, дезинформация.

Аңдатпа

Мақалада генетикалық модификацияланған ағзалар тақырыбының қазақстандық цифрлық медиадағы репрезентация ерекшеліктері фреймдік және нарративтік тәсілдер негізінде зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі биотехнологиялық мәселелер туралы ғылыми ақпараттың цифрлық медиада ұсынылу сипатын, оның ішінде ақпараттың іріктелуі мен интерпретациялынауын зерделеуді қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – генетикалық модификацияланған ағзалар тақырыбының қазақстандық цифрлық медиадағы репрезентациясын талдау, жарияланымдардың ғылыми ақпарат беру сапасын бағалау. ГМА тақырыбының қазақстандық цифрлық медиада фреймдік берілуі және аудиторияның қабылдану ерекшелігі алғаш рет ғылыми зерттеу пәні ретінде қарастырылды.  

Зерттеу аясында генетикалық модификацияланған ағзалар тақырыбының медиадағы көрінісін сипаттайтын шетелдік ғылыми еңбектерге теориялық шолу жасалды. Цифрлық медиада жарияланған генетикалық модификацияланған ағзалар туралы материалдарға сапалық контент-талдау, салыстырмалы талдау және әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Талдау кезінде жарияланымдардың мазмұны, қолданылған фреймдер мен баяндау тәсілдері, дереккөздердің сенімділігі және ғылыми ақпараттың негізділігі назарға алынды. Нәтижесінде бірқатар материалдарда ғылыми дереккөздердің жеткілікті дәрежеде қолданылмайтыны анықталды. Сауалнама нәтижелері зерттеудің эмпирикалық деректерін толықтырып, мәселені аудитория тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар генетикалық модификацияланған ағзалар тақырыбының кейбір жарияланымдарда тәуекелге басымдық беретін фреймдер мен эмоциялық реңкі басым баяндау арқылы ұсынылатыны анықталды. Мұндай тәсілдер аудиторияның биотехнологиялық мәселелер туралы түсінігіне әсер етіп, ғылыми ақпарат пен тексерілмеген мәліметтердің ара-жігін ажыратуды қиындатуы мүмкін. Жинақталған деректер медиа контенттің фреймдік ұйымдасуы мен қоғамдық пікірдің қалыптасуы арасында белгілі бір тәуелділіктің бар екенін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері генетикалық модификацияланған ағзалар/өнімдер туралы цифрлық медиадағы ақпараттың ғылыми негізділігін арттыру, дереккөздердің сенімділігін қамтамасыз ету және аудиторияға тақырыпты объективті әрі жан-жақты түсіндіруге бағытталған ғылыми коммуникацияны жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Г.С. Амангелдиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Амангелдиева Гулмира Сабыровна (корреспонденттік автор) – PhD, медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасында доцент м.а., Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан, Астана қ., эл. почта: gulmirasabyr8@gmail.com);

  • Н.Қ Қуантаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Қуантаев Нұржан Қуантайұлы - филология ғылымдарының кандидаты, журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан, Астана қ., эл. почта: kuantaiuly@mail.ru );

  • Ә.Б. Әшім, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Әшім Әлия Болатқызы – магистрант, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Қазақстан, Астана қ., эл. почта: bolatovnaliyaa@gmail.com );

  • Ж.Қ. Қайратов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Қайратов Жантас Қайратович – магистр, медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан, Астана қ., эл. почта: jantas.qairatov@gmail.com)

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА