Дезинформацияны анықтаудағы жасанды интеллект: ұлттық деректер контексі
DOI:
https://doi.org/10.26577/p4svq8209Түйін сөздер:
жасанды интеллект, дезинформация, ұлттық деректер, жүйелік талдау, медиасауаттылық.Аңдатпа
Ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдар қарқынды дамып отырған дәуірде жалған ақпарат пен медиа саласындағы қауіпсіздік қоғам санасына елеулі қауіп төндіріп, айтарлықтай қатер келтіруде. Бұл мақалада ұлттық деректер контексінде жасанды интеллект арқылы дезинформацияны анықтау әдістері мен оның медиасауаттылықты арттырудағы маңызы зерттеледі, жүйелік талдау тәсілдері талқыланады.
Зерттеу мақсаты – жасанды интеллект құралдары арқылы қазақстандық бұқаралық ақпарат пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты анықтауға арналған талдау моделін ұсыну болып табылады. Мақалада ақпараттық және медиаконтентті жүйелі талдау, салыстырмалы талдау мен қолданбалы зерттеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі жалған ақпараттарды айқындау мен жүйелеу арқылы контент-талдау, сандық және сапалық талдау әдістері пайдаланылды. Ұлттық деректерге негізделген зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы – дезинформацияны тану, айқындау және сүзгіден өткізу әдістері мен тиімді алгоритмдерді ұсынуында.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дезинформациямен және қасақана бұрмаланған жалған ақпаратпен тиімді күресу үшін табиғи тілді өңдеу (NLP) технологияларын пайдалана отырып, қазақ тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін тануға негізделген жүйе құру қажет. Жүргізілген жұмыс нәтижелері отандық медиа салада киберқауіпсіздікті нығайтуға және демократиялық тұрақтылықты сақтауға айтарлықтай үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңызы мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіруде және медиа мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруда жоғары бағаланып, қолданысқа енеді.









