ҚAЗAҚ AНЫҚТAМAЛЫҚ БAСЫЛЫМДAРЫНЫҢ ТAРИХИ ЖОЛЫ
Аңдатпа
Мақалада қазақ анықтамалық-энциклопедиялық басылымдарының негіздері зерттеледі.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармаларында төл анықтамаларымызға негіз болар дәйек,
деректер өте мол: халқымыздың өткен өмірінен, саяси-әлеуметтік тіршілігінен мағлұмат алып, ел
басқарған хандар есімдерімен, елі мен жері үшін, халқының болашағы үшін жан қиған батырлар
ерлігімен танысамыз. Бұл деректер өткенімізден анықтама бере алатындығымен де анықтамалық-
энциклопедиялық ұғымдар болып саналады.

