Сириядағы қарулы қақтығыстарды бейбіт мақсатта шешу жолында орны ретінде Астана қаласының халықаралық имиджі
Аңдатпа
Астана – Қазақстанның астанасы ретінде Сириядағы қарулы қақтығыстарды шешу жолында
бітімгерлік бейбіт келісім сөз жүргізетін әлемге әйгілі орталыққа айналды. Сирияның ресми өкілі
Дамаскіні Ресей, Түркия, Иран елдері қолдайды. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР БҰҰ-
ның тұрақсыз мүшесі болып тағайындалды, бұл жағдай мемлекетке жаңа халықаралық міндеттер
мен мүмкіндіктер берді. Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқандығы әлемге әйгілі
болды. Бұл оның жағымды имиджін қалыптастырады.Бұл зерттеудің мақсаты Астана қаласының
имиджі БАҚ арқылы Сириядағы жағдайды реттеуші ретінде ақпарат әлемінде кілт сөздерге айнала
бастады. Мысалы «Астана, Қазақстан» сөздер ақпараттық таңдамалық материалдарда жиі кездесе
бастады. Әсіресе әлемдік және Азия елдерінің Еуропаның, АҚШ-тың New York Times, CNN, All
Jazira, Washinton Post, Reuters, VOA, BBC және т.б. БАҚ-та көріне бастады.

