Құрметті әріптестер, авторлар және зерттеушілер!
Негізгі зерттеу бағыттары: Журнал медиа кеңістіктің өзекті мәселелерін қамтитын іргелі және қолданбалы зерттеулерді қабылдайды:
-
Қазіргі журналистиканың теориясы мен практикасы;
-
Медиакоммуникация және цифрлық дәуірдегі трендтер;
-
Жаңа медиа (New Media) және әлеуметтік платформалар;
-
Қоғаммен байланыс (PR), жарнама және медиаменеджмент
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: Материалдар журналдың ғылыми басылымдарға қойылатын халықаралық талаптарына сай ресімделуі тиіс. Көлемі, сілтеме жасау ережелері, аннотация мен түйін сөздерге қойылатын талаптар, сондай-ақ мақала үлгілері журналдың ресми сайтында толық көрсетілген.
Құрметпен және ізгі ниетпен,
«ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналының редакциясы









