«Қызыл қазақстан» журналындағы ашаршылық тақырыбы

Авторлар

  • A.B. Akynbekova әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті, Қaзaқстaн, Алмaты қ.,

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: Қызыл Қазақстан, ашаршылық, жұт, губерния, астық, індет, егіншілік, жәрдем.

Аңдатпа

Мақала 1921-1922 жж. Қазақстанда болған ашаршылық мәселесіне арналған. Автор
аштық мәселесін «Қызыл Қазақстан» журналында жарық көрген мақалалар арқылы зерттейді.
Онда журналдың шығу тарихы, таралымы, қызмет еткен редакторлары жайлы да сөз болады.
Автор мұрағат құжаттары, сирек қор материалдары мен мерзімді баспасөз және ғылыми
зерттеулерге сүйене отырып, ашаршылықтың себептері мен зардаптарын көрсетеді. Қазақстан
республикасындағы аштықты ауыздықтаудағы ұлт зиялыларының қызметін айқындайды.
Ашаршылықпен күрес барысында жүргізген іс-шаралардың нәтижелерін нақтылайды. Оқырмандарға
салыстырып отыру үшін мақалада журнал бетінде жарияланған аштық ауданының
көлемдері кесте түрінде беріледі. Кесте бойынша берілген мәліметтерде 1921-1922 жылдардағы
аштық пен індетке ұшырағандардың тізімге іліккендер мөлшері оның ішіндегі сандар өлгендердің
есебін көрсетеді. Автор ғылыми мақаласында келтірілген бұл мәліметтерді «Қызыл Қазақстан»
журналының 1922 жылы шыққан сандарынан алып, төте жазудан кирилл қарпіне аударып,
оқырмандарға аштық кезеңнің деректік негізін ұсынып отыр.
Түйін сөздер: Қызыл Қазақстан, ашаршылық, жұт, губерния, астық, індет, егіншілік, жәрдем.

Автор өмірбаяны

  • A.B. Akynbekova, әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті, Қaзaқстaн, Алмaты қ.,

    PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-28

Журналдың саны

Бөлім

ЖAС ҒAЛЫМДAР МІНБЕРІ