Интеллектуалдық капитал фокусындағы гуманитарлық технологиялар
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2019.v52.i2.08Кілт сөздер:
интеллектуалдық капитал, гуманитарлық технологиялар, қоғам модернизациясы, интеллектуалдық ұлт.Аңдатпа
Сапалы білім беру мен жас ұрпақты қолдау басты вектор саналатын интеллектуалды ұлт қалыптастыру Қазақстанның басты стратегиялық бағыты. Білім беру саласындағы шетелдік мамандардың пікіріне сүйенсек, сондай-ақ байқаулар мен тестер қорытындысы бойынша қазақ жастары жоғары интеллектуалдық әлеуетке ие. Бастысы, осы әрекетті дұрыс пайдалану.
Болашақ маманға сапалы білім беру оның бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашуға көмек беру,
алған білімін тиімді пайдалану бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үлкен жауапкершілік.
Стратегиялық тұрғыда экономикалық (басқа да мүмкін болар) дамумен тығыз байланысты
көрсеткіштерді анықтау керек. Екінші жағынан, егер ұлттық деңгейде сараптау жүргізілсе,
Интеллектуалды ұлт қалыптасуының экономикалық ынталандыру ұлттық ерекшеліктерін
айқындауға болады. Мақала ХХІ ғ. шығармашылық адамы дамудың басты көзі саналатын қоғамда
«интеллектуалды ұлт» қалыптастыруға арналған.
Жұмыстың мақсаты – гуманитарлық технологиялар фокусындағы Қазақстандағы
интеллектуалды капитал қалыптасуы ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу методологиясына жүйелік талдау әдістері: әлеуметтік эксперимент; әлеуметтік
құбылыстардың зерттеудің бихевиористік әдістері, әлеуметтік жобалау әдістері, әлеуметтік
инженерия, социометрикалық зерттеулер, гуманитарлық танымдық зерттеу жүргізудің диалог
әдісі.
Негізгі нәтижелер: гуманитарлық технологиялардың теориялық және практикалық мәселелері
мен практикалық қолданысы зерттелді; интеллектуалды капитал дамуының қайта қарастырылуы,
жарияланымдануы мен трансформациясы талданды.
Аталмыш зерттеудің құндылығы Қазақстандағы модернизация процесі мен гуманитарлық
технология саласын іргелі және қолданбалы зерттелуде.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы ғылыми концепцияларды әзірлеуде,
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда, кешенді бағдарламаларды орындауда, ұлттық
және халықаралық қызметтерде, халықаралық орталықтарда, «Рухани жаңғыру» идеологиялық
концепциясы болжауда.
Жұмыстың практикалық нәтижесі: зерттеу нәтижелері бұқаралық коммуникация, саясаттану,
әлеуметтану және мәдениеттану салаларында қолданылуы.
