Медиа сауаттылық және фактілерді тексеру: екінші бөлім
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.01Кілт сөздер:
медиа сауаттылық, факт-чекинг, манипуляция, насихаттау, жалған ақпарат.Аңдатпа
Бұл нөмірде Мичиган мемлекеттік университеті профессорының бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиадағы жалған ақпарат пен дезинформациялық дағдарысты анықтау мен сипаттауға арналған авторлық зерттеуінің екінші бөлімі жарияланды.
Қазіргі медиа күннен күнге жалған ақпаратпен толыға түсуде. Бүгінгі күні «жалған жаңалықтар» термині көптеген манипуляциялық технологияларды қамтиды: «есептік насихат», «жасанды желілер», «тролльдік топ», белгісіз дереккөз, балама факт, өсек, алдау, қауесет, жалған контекст және т.б. Бұл мәселе технологиялық үдерістердің дамуы мен ғаламдық коммуникациялық дискурстың әлеуметтік желілер мен Интернетке ауысуы нәтижесінде қордалана түсуде.
Мақаланың мақсаты – бүкіл әлемде ашық қоғамға қауіп төндіретін дезинформациялық дағдарыстың тарихы мен эволюциясын зерттеу. Автор жастар арасында сыни ойлауды күшейтуді, көрермендерге жалған жаңалықтарды интеллектуалды тануды және өңдеуді үйретуді, берілетін жаңалықтар мен негізгі ақпараттарды сыни тұрғыда және тәуелсіз талдау қажеттілігін түсінуді ұсынады.
Сондай-ақ, автор медиасауаттылық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін түсінуге, сонымен қатар аудиторияға қажетті маңызды зерттеулер мен экспрессивті дағдыларды игеруге көмектеседі деп санайды. Медиа сауаттылықты игеру дағдыларына ақпарат құралдарына қол жетімділік, мазмұнды талдау, хабарламаларды бағалау және байланыс пен пікір білдіруді қамтиды. Фактілерді растауды үйрену медиа сауаттылықты оқытудың маңызды құрамдас бөлігі, бұл жалған жаңалықтардан, манипуляциядан қорғанудың ең басты әдісі болып табылады.
