Қазақстандағы медиатренд ретіндегі дата-журналистика

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/HJ.2020.v55.i1.03

Кілт сөздер:

медиа, сандық технологиялар, дата-журналистика, инфографика, визуализация.

Аңдатпа

Бұл мақала заманауи медиатренд – Қазақстандағы деректер журналистикасына арналған. Авторлар заманауи журналистика көрінісінің жаңа түріне айналған, сонымен қатар, статистиканы, информатиканы, визуалды коммуникацияны, инфографиканы және тағы басқасын қамтитын деректер журналистикасының түрлі анықтамаларын зерттеді. Дата-журналистика маңызды мәселені шешеді: ол деректерді, қызықсыз және мағынасызсандарды жандандырып, оларды деректер тарихына айналдырады, сондай-ақ, қазіргі заманның маңызды мәселелеріне назар аударады.

Зерттеудің мақсаты – дата-журналистика принциптері бойынша жұмыс істейтін Қазақстанның БАҚ сегментін зерттеу және олардың даму үрдісін анықтау болып табылады.

Мақалада қазіргі қазақстандық  БАҚ-та  деректер  журналистикасының  даму  жағдайы мен ерекшеліктеріне талдау жүргізу зерттеудің ғылыми маңыздылығы болып есептеледі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы авторлармен қазақстандық БАҚ-тың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту контексінде дата-журналистика қағидаттарын қолдануына қатысты талдауды жүргізуінде. Мақала қорытындыларының практикалық мәні бұл жұмыс дата-журналистиканың негізгі концепциялары және инфографика жасау үшін ақпараттық технологияларды қолдануын анықтайтын орыс тіліндегі аз мөлшерде жарыққа шығып жатқан зерттеулердің бірі болып табылатынында. Мақалада қазақстандық жаңалықтар сайттары қызметінің негізгі сипаттамалары және Қазақстанның интернет-басылымдары деректер журналистикасының принциптері бойынша атқаратын жұмысының ерекшеліктері анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • Барлыбаева С.Х., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

  • Малтабаров М.А.

    Кaзaхский нaционaльный университет им. aль-Фaрaби, Алматы, Казахстан

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА