PR-дың тиімділігін оңтайландыру және қазақстандағы жарнама нарығының даму ерекшеліктері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v55.i1.05Кілт сөздер:
PR, Қазақстан, оңтайландыру, жарнама, нарық, RACЕ.Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы қоғамдық қатынастар институтының даму тенденциялары қарастырылады. PR-дағы ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттілігі атап өтілді. Коммуникация саласындағы міндеттерді шешу механизмдері, әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың ұзақ мерзімді өзара әрекеттестігі қаралды. Имиджді жақсартуға негізделген PR мен жарнаманың әсер ету әдістерінің арасындағы айырмашылықтар PR-шараларының тиімділігін бағалаудың тәсілдері сипатталды. PR-әрекеттерін ұйымдастырудағы проблемалық және ресурстық тәсілдер көрсетілді. Науқандарды жоспарлау кезінде мотивацияның үлгілік жиынтығы ұсынылды.
Мақаланың мақсаты – PR технологияларын пайдалану және негізгі тұжырымдарын талдау арқылы шешу жолдарын ұсына отырып, қажетті тәжірибемен салыстыру. Бүкіл әлемдік технологиялар бірдей, бірақ олардың әрқайсысының қолданылуы ұлттық ерекшеліктерге байланысты. PR технологияларын пайдалану аудиторияға бағытталған мақсатты бағаны ұстауды талап етуі қажет.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік ерекшелігіне PR-дың тиімділігін оңтайландыру және Қазақстандағы жарнама нарығының даму мүмкіндіктеріне мән бере отырып, әлемдік іс- тәжірибемен салыстырып, қажетті, дұрыс шешім шығару.
Зерттеу тақырыбын талдау барысында баяндау, талдау және салыстыру, тақырып бойынша ұсынылған материалдарды сараптау, жүйелеу және шетелдік ғалымдардың еңбектері сүйенген теориялық тәсілдер пайдаланылды.
Ғылыми мақаланың негізгі нысаны қандай да бір жарнаманы пайдаланған кезде жұмыс жасайтын компания сатушылар мен қызмет етушілермен байланыста болуымен ерекшеленеді, ұсынылған PR қаражатын көпшіліктің назарын аудару мақсатында қолданылса, сатып алушыларға немесе қызметтерді жеткізушілерге қажетті ақпаратты беруге мүмкіндік тудырады. Жарнама және PR арасындағы айырмашылық PR технологиясының сенімдірек болуына ықпал ету.
Мақаланың құндылығы – мақалада PR тиімділігін оңтайландыру және Қазақстандағы жарнама нарығының даму ерекшеліктері нақты қарастырылып, жан-жақты талданып, аталған тақырыпқа қатысты барлық ақпараттар жүйелі түрде сарапталып ұсынылып отыр. Тақырып аясында осы тақырыпты зерттеген ғалымдар ұсынған тұжырымдама негізінде осы саладағы тиімділікті қалыптастыру жолдары атап өтіліп, тақырыпқа байланысты ұсыныстар берілді.
Ұсынылып отырған мақалада авторлар заманауи жарнама нарығының дамуына тоқталып, оны мүмкіндігінше салыстырмалы талқылауды көздеген. Қазақстан Республикасында экономикалық қызметтің түрі мен әлеуметтік және мәдени тәртіптің нысаны ретінде қалыптастырудағы бірнеше дәйекті кезеңдер талданды. Қазақстан Республикасының жарнама нарығы ұлттық экономиканың дамушы сегменті болып табылатыны атап көрсетілген. Жарнама нарығында болған өзгерістердің көптеген факторлары берілген.

