Академиялық терминологияның қалыптасуы мен дамуы
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.06Кілт сөздер:
терминология, академиялық терминология, Болон үдерісі, қалыптасу, даму, академиялық ұтқырлық.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы ЖОО академиялық терминдері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның екі университетінің ресми құжаттарындағы терминдер негізінде академиялық терминологияның қалыптасуы мен дамуын көрсету. Академиялық терминдер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Академиялық саясатынан, Академиялық күнтізбесінен, Академиялық транскрипттен, Жеке оқу жоспарынан алынды. ЖОО академиялық терминологиясы адамзат өмірінің даму үдерісіне байланысты үнемі өзгерісте болады. Адамзат іс-әрекетінің белгілі бір саласында қолданылатын терминдердің қалыптасуы қоғам дамуының көрінісі болып табылады.
Зерттеудің құндылығы академиялық терминдердің латын тілінен шыққан, яғни, негізі латын тілінде жатқан академиялық терминдер, Болон үдерісіне дейінгі кезеңдегі академиялық терминдер және Болон үдерісінің академиялық терминдері болып бөлінуі. Зерттеудің ғылыми және практикалық өзектілігі – жаһандану, Болон үдерісі, алмасу бағдарламалары және т.б. тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар, өзге мемлекеттердің де білім жүйесінде біртұтас кеңістіктің қалыптасуына әкеле жатқандығы. Зерттеудің практикалық құндылығының нәтижелері алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер мен оқытушылар үшін пайдалы. Бұл тақырып аясында зерттеу жұмысы өте аз жүргізілген, сондықтан мақалада жүргізілген зерттеу болашақта тіл білімі мен лексикография салаларында құндылығы мол нәтиже беретін терең зерттеулерге бастама болады.
