ХХІ ғасырдағы медиариторикадағы әл-Фараби мен Абайдың мұрасы

Авторлар

  • Абдуллина Л.И. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Касенов С.Т.

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.07

Кілт сөздер:

медиариторика, медиа кеңістік, медиадискурс, әлемнің медиакартинасы, медиалық феномен.

Аңдатпа

Биылғы жылы еліміз ұлы ғалым, Шығыстың ортағасырлық философы Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150 жылдығын және көрнекті қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. Мақала авторларының ғылыми бақылау фокусында – жаңа әлеуметтік- мәдени парадигма қалыптастыру. Қазіргі медиадискурс ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін дәуірдің негізгі мәдениет қалыптастырушы факторы ретінде таныта отырып, кешенді,  полигуманитарлық ойлауды талап етеді, бұл зерттеудің өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – медиариторика құралдарының көмегімен мәдени оқиғаны бейнелеу механизмін орнату болып табылады. Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы мұралары мерейтойының өркениетті әлемде аталып өтуі, риторикалық және ақпараттық ресурстардың жетістігінің арқасында көп қайтара резонанс пен заманауи дыбысталуына ие болады.

Зерттеу тәсілінің ерекшелігі зерттеу объектісінің екі бірдей құрамында: өткеннің ұлы гуманистерінің мұрасы және қазіргі медиакеңістіктің ерекшелігі. Медиариторика дискурстық тәжірибе ретінде әлемнің медиакартинасын қалыптастыруға тартылған қажетті құрал ретінде қарастырылады.

Массмедиа құралдарының арқасында ұлы гуманистер мұрасындағы жалпы адамзаттық құндылықтар қазіргі заманғы ақпарат тұтынушыларына қолжетімді. Тарихи тұлғалардың өздері  мәдениет жетістіктерінің медиалық трансляторы ретінде және өркениеттік идеялар мен әлемдік адам қоғамдастығы үшін бірдей маңызды қабылданады.

Ғылыми әдістерді бақылау және қолдану барысында авторлардың тұжырымы: медиариторика тәсілдері қазіргі заманғы мәдени-саяси контексті қалыптастыруда тиімділігі. Оқиғалы маркетинг форматында ұсынылған ұлы гуманистердің адамгершілік сабақтары ұлттық тарихты терең меңгеруге ықпал етеді. Тарихи тұлғалардың беделіне риторикалық апелляция заманауи мәдени- саяси контекст логикасына сәйкес қажетті және уақтылы екпін береді.

Жұмыс қорытындыларының практикалық маңызы гуманитарлық ғылымдарда және практик- журналистер мен қоғам қайраткерлерінің кәсіби қызметінде медиариторлық тәсілдерді қолдануға бағытталған.

Жүргізілген зерттеудің құндылығы әлемнің медиакартинасын қалыптастыруға тартылған медиариторикалық техника механизмін анықтау және түсініктеме беру болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

ЖУРНАЛИСТИКА: ҚОҒАМ, ТІЛ, ТАРИХ, САЯСАТ, ЗАҢ, ЭКОНОМИКА