Ғылыми жетістіктерді медиа арқылы насихаттау мен түсіндірудің ағартушылық парадигмасы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v55.i1.08Кілт сөздер:
ғылыми журналистиканың трансформациясы, ғылымның репрезентациясы, дербестендіру тәсілі, ғылыми-ағартушылық қызмет.Аңдатпа
Ғылымның жетістіктерін насихаттау арнайы контексте пайда болып, оны медиа арқылы кәсіби журналистер мен ғылыми қауымдастық өкілдері жүзеге асыруда. Олар ұсынған контенттің қарапайым аудиторияға арналғаны ғылыми ақпараттың талдану деңгейінен де көрініс тауып жатады.
Мақаланың мақсаты – әлеуметтік ғылыми ортада ғылымның репрезентациясы жағдайында пікірталас компоненттерінің әлсіздігін сараптау. Талдау компоненттерінің әлсіздігінен полемикалық дәстүрге нұқсан келіп, ақпараттық жанрдағы материалдар басымдыққа ие болуда. Бұның себебін автор әлемдегі ақпаратты тұтыну нарығында болып жатқан контентті жеңілдету, оңайлату аспектілерімен түсіндіреді. Контенттің жұпыны болуын, унификацияға ұшырауын ғылыми жаңалықтардың таралу кеңістігі сияқты аспектімен байланыстыра зерттейді.
Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық құндылығына ғылыми журналистиканың жаңа қызмет формаларын зерттеу, жаңа парадигмалық түрленулерін талдауды жатқызамыз. Мақалада әлемдегі ғылыми басылымдардың кәсіби функциялары, жұмыс істеу формалары жаңа дәуірге қалай бейімделуі тиіс деген мәселелер қаралған.
Зерттеу әдістемесіне сипаттау, бақылау және салыстыру сияқты эмпирикалық тәсілдер, құжаттарды сараптау, жүйелеу және социометриялық тәсілдер, шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенген теориялық аксиоматикалық әдістер қолданылды.
Ғылыми мақаланың нәтижесі. Автор мақалада бүгінгі қазақ журналистикасының ағартушылық бағыты мен ғылымды дәріптеудің мазмұнын анықтауға, ғалымдардың беделін көтеруге байланысты ой-тұжырымдар жасайды.
Мақаланың құндылығы. Мақала авторы мемлекеттік ақпараттық саясат ғылыми журналистиканың дамуына әсер ететін фундаменталды мәселелерді шеше алмауда деген пікір айтады. Бұл бағытта автор қазақтілді журналистер білім мен ғылымның насихатын, оны жастар арасында таратудың маңызын қоғамға түсіндіруі тиіс деген болжам жасайды.
Зерттеу жұмысының қорытынды нәтижелері. Мақалада Қазақ Елінде де дамыған елдердегідей ішкі жалпы өнімнің 70% ғылымды қажетсінетін салаларға жұмсалуының маңызын көрсетіп, нақты ұсыныстар келтіреді. Мемлекет ғылыми зерттеулерді ынталандыру тетіктерін жасап, ғылымның мәртебесін өсіруі қажет. Қазақ қоғамында да ғылым мен технологиялық салалардағы жаңалықтарға деген сұраныс өсуде. Автор инновациялық экономиканы дамыту үшін ғалымдардың жаңа идеясы, ғылымды мемлекеттің қолдауы қажет деген қорытынды жасайды.

