Қазақстандағы жастар БАҚ-ының мәселелері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.09Кілт сөздер:
жастар, жастар БАҚ, әлеуметтік желілер, медиасауаттылық, оқырман қызығушылығының төмендеуі.Аңдатпа
Мақала отандық жастар басылымдарының даму ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі еліміздің тұрақты болашағын қамтамасыз ету, өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін оның жеткіліксіз зерттелуімен және ерекше маңыздылығымен анықталады.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның жастарға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелерін зерттеу. Жұмыс жасөспірімдер мен жастарға арналған газеттер мен журналдарды жасау, сондай-ақ олардың рецепцияларының күрделі мәселелерін зерттеуге бағытталған, өйткені соңғы жылдары мақсатты аудиторияның сұранысы айтарлықтай өзгерді.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы жастар басылымдарын дамыту болашағын модельдеу, журналистік шеберлік пен мақсатты аудиторияның медиасауаттылығын арттыру қажеттілігінен туындап отыр.
Зерттеу әдістері жастар бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуін бақылау, олардың мазмұнын талдау, ресімдеу, статистикалық әдіс (әлеуметтік сауалнама) болды. Зерттеудің әдіснамалық негізі тақырып бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың мақалалары алынды. Зерттеу төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: жастар арасында желілік басылымдар мәнге ие, баспа басылымдарына және телеөнімдерге сұраныс төмен, сауықтырушы материалдарға деген сұраныс ерекше байқалады әсіресе «жұлдызды» өмір, жыныстылар арасындағы қатынас, психология және білім беру, саясат туралы материалдардың төмен оқылуы белгілі болды. Мұндай жағдайды талдау оның төмендегі себептерін анықтауға мүмкіндік береді: нарықта бәсекелестіктің болмауы, безендіруге шығармашылықтың жеткіліксіз болуы,
аудиторияның медисауаттылығының төмен деңгейі.
Жүргізілген зерттеу қазақстандық жастар публицистикасының мәселелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді: қаржыландырудың жетіспеушілігі, жас талантты журналистердің аздығы, тираждың төмендігі, тақырыптың шектеулілігі, шетелдік басылымдармен бәсекелестік, жоғары баға, тым көлемді жарнамалық блоктар, ойын-сауық контентінің өсуі, оқырмандық қызығушылықтың төмендеуі.
Жұмыс қорытындысының жастардың дүниетанымын қалыптастыруды қамтамасыз етуші қазіргі жастар медиасындағы мәселелерді оңтайландырушы стратегияны әзірлеу үшін практикалық маңызы бар.
