Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды көрсетудегі БАҚ-тың рөлі
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/HJ.2020.v55.i1.11Кілт сөздер:
Қазақстан-Франция, мәдени байланыстар, БАҚ, халықаралық ынтымақтастық, баспасөз.Аңдатпа
Бүгінгі БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі теориялар бар, дегенмен, бүкіләлемдік халықаралық қатынастар насихатын қабылдауда оның атқарар қызметі зор екендігі анық. Тіпті, халықаралық жаңалықтарды жариялау кезінде бұқаралық ақпарат құралдары елдер арасындағы қатынастардың бірлігін, достығын, тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды орын алатындығы аталмыш тақырыпты таңдауға себеп болды. Бұл аталмыш ғылыми зерттеудің әр түрлі аспектілігін өзектендіре түспек. Мұнда Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерінің қалыптасу тарихы көрсетілуімен қатар, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кезеңге бөлу тарихы, бүкіл мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың маңызды оқиғалары және екі елдің сыртқы мәдени саясатының негізгі модельдерін бөліп көрсету секілді мақсаттар қатарында, баспасөз мәліметтері бойынша республикалар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі кезеңдеріне назар аударылып, ынтымақтастықтың бүкіл тарихындағы жағдайлар мен оқиғалары тізіліп, мәдени байланыстарды кезеңдеу мәселесі жайлы нақты мысалдар келтірілді. Осыған қоса, БАҚ-та мемлекет басшыларының мәдени контексте адал және өзара тиімді қатынастарды орнатуға және қолдауға бағытталған негізгі бастамалары қарастырылып, екі елдің мәдени байланыстарының жандануымен қатар, одан әрі дамуы туралы болжамдары меңзеледі. Нәтижесінде, БАҚ-тың қоғамымыздағы орны мен рөлі туралы ойды тұжырымдай келе, осы тараптан тұтынушы қоғам үшін бұл әлем бұқаралық ақпарат құралдары құрған шындық түрінде қабылданатыны туралы пікір екшеленді. Осылайша, бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы - БАҚ-тың саяси мәселелер туралы мәтіндер құбылысын анықтау әрекеті болып табылатындығында және бұл зерттеу «БАҚ және халықаралық ынтымақтастық», «Халықаралық қатынастар тарихы» секілді курстарды оқытуда практикалық қолданысқа ие бола алады деген сенімдеміз.

