Қазақстан мен Британия арасындағы мәдени қарым-қатынастардың БАҚ-тағы көрінісі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.12

Кілт сөздер:

БАҚ, мәдени қатынас, қолжазбалар, сыртқы саясат.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты - БАҚ-тағы Қазақстан мен Ұлыбританиялық мәдени қатынастарды бейнелеу мәселесіне жалпы сипаттама беру болып табылады. Бүгінгі өзгеріп жатқан әлемде журналистикада жаңа көзқарас, жаңа түсінік, жаңа ойлауды қажет етеді. Уақыт өте келе сыртқы саясат БАҚ үшін жаңа міндеттер қойды. Мысал ретінде халықаралық қатынастардағы мәдени саланы айтуға болады. Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастарды жариялаудағы бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі және халықаралық қатынастарды үйлестірудегі мәдени байланыстар туралы айтылады. Шынында да, қазіргі халықаралық қатынастарды мәдениетсіз елестету мүмкін емес, өйткені мәдениет – бұл халықаралық қатынастардың тиімді құралы бола отырып, елдің стратегиялық қызметінің ажырамас бөлігі. Бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық қатынастар мен мәдени қатынастарды үйлестірудің тиімді құралы ретінде мемлекетке ашықтық пен сұхбаттастыққа, елдің оң имиджін қалыптастыруға және ұлттық мүдделерді алға жылжытуға мүмкіндік береді. Әдіснамалық негіздегі контентті талдау қазіргі БАҚ-тағы екіжақты мәдени қатынастардың негізгі тақырыптарын ашты. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының ағымымен, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени және тарихи байланыстар, олардың сыртқы мәдени саясатының негізгі модельдері, осы елдердегі мәдени саясаттың маңыздылығы және мәдени ынтымақтастықтағы маңызды кезеңдері жіктелген. Ол сонымен бірге халықаралық мемлекетаралық қатынастарға айтарлықтай әсер ететін мәдени факторлардың деңгейлерін қарастырды және мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды кезеңдеріне назар аударылды. Олар мәдени байланыстардың біртіндеп дамуымен және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бүкіл тарихындағы маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Нәтижесінде, мемлекет басшыларының мәдени контекстегі бастамалары әділ және өзара тиімді қатынастарды орнатуда және сақтауда көрсетілді, ал бүгінде екі елдің мәдени байланыстарын одан әрі кеңейтудегі БАҚ рөлі атап өтілді. Жұмыстың маңыздылығы мемлекеттердің сыртқы саясатындағы мәдени факторлардың рөлі туралы қалыптасқан идеяны, сондай-ақ екі елдегі ақпарат құралдарының қазіргі жағдайын толықтыратындығында. Зерттеу материалдарын аталмыш мәселелер бойынша ғылыми ізденістерді дамыту үшін пайдалануға болады.

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі