Медиа электронды үкімет пен қызметтердің даму құралы ретінде

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/HJ.2020.v55.i1.13

Кілт сөздер:

электронды үкімет, медиа құралдары, әлеуметтік желілер, электронды қызметтер.

Аңдатпа

Қазіргі дамыған қоғамда ақпарат іздеу мен өзге де қажетті құжаттар  ісімен  айналысу  қиындық тудырмайды. Электронды құрылғылар мен қызметтердің пайда болуы адамзат өмірін анағұрлым жеңілдетті десек қателеспейміз,  сондықтан  оның  одан  әрі  жетілдіруі  мен  дамуы  аса маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары осы істің жүзеге асуында негізгі құралына айнала отырып, қолданушылардың соңғы жаңалықтар мен өзгерістердің хабардар болуына мүмкіндік береді. Сол себепті бұл мәселе зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

Мақаланың мақсаты – электронды қызметтердің дамуындағы медианың рөлі жайлы баяндау болып табылады. Негізгі ғылыми және тәжірибелік бағыттарға ақпарат құралдарында аталуы, әлеуметтік желі қызметтерінде жарнамалануы және қоғамдық ортада танылуы туралы зерттеулердің жүргізілуі. Сонымен қатар бұл тізім мақаланың басты міндеттерін де айқындайды. Автор айтып өткен теориядан бөлек ғылыми жұмыс барысында 18-30 жас аралығындағы қала тұрғындарынан сауалнама алынды.

Мақаланың жазылу кезінде электронды қызметтердің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы мен жарнамалануына қатысты жан-жақты талдау жасалып, қорытындыланды. Мобильді қосымша мен әлеуметтік желідегі электронды үкіметтің нұсқалары өзара салыстырылып, соның негізінде кемшілік тұстары мен артықшылық қасиеттері анықталды. Сол себепті мақалада сапалықтан гөрі, сандық методология көбірек берілген, әсіресе сандар, талдаулар мен ғылыми жұмыспен байланысты қолданушылар саны қолданылған.

Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже –  электронды  қызметтер  мен  үкіметті  қаншалықты  көп адам қолданатынын және мұндай жағдайда медианың қай түрінде басымдылық бар екенін анықтау. Зерттеу жұмысының маңыздылығы әрі практикалық түсініктемесі ретінде дәл  қазіргі сәтте сайттар мен қосымшалардағы қолданушылардың нақты сандары болып табылады. Ал ғылыми зерттеу жүргізудің мәні – ғаламтордағы фактілерден гөрі, өмірде қолданушылармен тікелей байланыста болуы. Зерттеу қорытындылары электронды үкімет пен қызметтердің болашақта дамуындағы масс медианың сандары мен ақпараттарымен байланыстырылады.

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

Ақпарат әлемі